TechWomen 2022 бағдарламасына құжаттарды қабылдау ашық

TechWomen_logo

 

TechWomen 2021 бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды.
STEM cаласында жұмыс істейтін әйелдерге арналған АҚШ-тағы 5 апталық тәлімгерліктен өту бағдарламасы туралы хабардар етеміз.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 5 мамыр

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

STEM пәндерінде (ғылым, технология, инженерлік Іс, математика) кемінде 2 жыл кәсіби тәжірибесі бар әйелдер өтініш бере алады. Тағылымдамадан өту және ақы төленбейтін бағдарламаларға қатысу Кәсіби жұмыс тәжірибесі болып саналмайды;

  • кем дегенде бакалавр дәрежесі/төрт жылдық университет дипломы немесе баламасы бар;
  • жазбаша және ауызекі ағылшын тілін меңгергендер;
  • өтінім берген сәтте және бағдарламаға қатысқан кезде азаматтығы бар немесе Қазақстанда тұрақты тұратын адамдар;
  • J-1 exchange visitor visa американдық визасын алуға құқығы бар;
  • ешқашан АҚШ-қа иммиграциялық виза алуға өтініш бермеген және соңғы бес жыл ішінде визалық лотереяға қатыспаған;
  • АҚШ азаматтығы жоқ және АҚШ аумағында тұрақты тұрмайтын азаматтар.

TechWomen-2022 бағдарламасына қатысуға өтініш берудің онлайн нысаны  09.00 PST  (GMT 08.00) 2021 жылдың 5 мамырында жабылады.

Бағдарлама 2022 жылдың ақпан-наурыз айларында өтеді.

Бағдарлама туралы толық ақпаратпен сілтеме бойынша таныса аласыз: https://kz.usembassy.gov/techwomen-program/