(Global UGRAD) студенттік алмасудың халықаралық бағдарламасы – ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім және мәдени бағдарламасы Қазақстанның мекемесі күндізгі бөлім студенттері үшін, студенттер жоғары білім дипломын алуына дейін кем дегенде бір семестр Global UGRAD бағдарламасын оқу керек. Бағдарлама барлық студенттер мен қазақстандық жоо мен барлық мамандықтар үшін ашық. Барлық қатысулар ашық конкурс түрінде іріктеліа алынады.
TOEFL тестілеу
Екінші турға өткен қатысушылар TOEFL ресми емтиханын тапсырады. Тестілеуге байланысты барлық шығындарды АҚШ-тың Астанадағы елшілігі өтейді.
Global UGRAD бағдарламасы студенттерге келесі мүмкіндіктер береді:
• Америка Құрама Штаттарындағы университеттен немесе колледжден академиялық дәреже алмай 1 академиялық семестрге дайындалу;
• Құрама Штаттарда мәдени және білім тәжірибесін алу;
• Американың мәдениеті мен құндылықтарын жақсы меңгеру, сондай-ақ олардың білімдері мен дағдыларын кеңейту.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінім пакеті
1. Толтырылған онлайн сауалнама;
2. Мотивациялық және тақырыптық эссе.
3. Төлқұжат көшірмесі;
4. Университетте оқыған жылдар аралығында ағылшын тіліне аударылған академиялық транскриптер (студент өзі аударған транскриптті қоса алуына болады);
5. Екі ұсыныс хаты (ағылшын тіліне аударылған).
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі-2018 жылғы 31 желтоқсанның 17.00-ге дейін (Астана уақытымен). Global UGRAD бағдарламасына қатысу үшін берілген сілтемеге кіріңіз www.worldlearning.org/ugrad.