bilim

DAAD Қазақстанда

15 жылдан астам уақыт бұрын Академиялық Алмасудың Германдық Қызметі (DAAD) Қазақстанда өз жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде 1 500-ден астам қазақстандық студенттер, мамандар және ғалымдар DAAD стипендиясы бойынша зерттеп, оқыды. Ондаған неміс ғалымдары мен оқытушылары қазақстандық университеттерде жұмыс істеді.

DAAD бюросы/Ақпараттық орталығы Қазақстан-Неміс университетінде мына мекен-жай бойынша орналасқан: Пушкин көшесі, 111/113, 050010 Алматы, Тел.: 727 293 90 35 Факс: 727 293 89 23

Біз мынадай тақырыптар бойынша кеңес береміз:

- Германияның жоғары оқу орындарында оқу

- Германиядағы оқу туралы ақпарат

- Жоғары оқу орындары, оқу курстары және қабылдау шарттары туралы ақпарат

DAAD және басқа да неміс ұйымдарының стипендиялары

- Стипендиалды бағдарламалар туралы ақпарат

- Құжаттарды құрастыру жөніндегі кеңестер

Германиядағы зерттеулер

  • Ғылыми жетекшіні іздеудегі көмек
  • DAAD стипендиялары және басқа мүмкіндіктер туралы ақпарат
  • Құжаттарды құрастыру жөніндегі кеңестер

Университеттерге біз неміс университеттерімен бірлескен жұмыста және DAAD стипендиясы бойынша Германияға студенттік сапарды жоспарлаған кезде көмек ұсынамыз.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма: 09.00 – 18.00

Кеңесті сондай-ақ мына телефон: 727 293 90 35, немесе электронды пошта : daad@mailbox.kz бойынша алуға болады

Қаблыдау уақыты келісім бойынша: ҚарМУ, Муканова көшесі, 1 корпус № 9, каб. 315, daad.karaganda@gmail.com

Стипендиялар

«Болашақ» стипендиалды бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Германияның жоғары оқу орындарында оқу үшін стипендиялар бөледі. Жан-жақты ақпарат: www.bolashak.gov.kz.

2015 / 2016 стипендиалды бағдарламалар

  1. Студенттерге арналған программалар
  1. Университет бітірушілерге арналған программалар

III. Ғалымдарға арналған программалар

жалпы нүсқаулар және конкурстық негізге қабылдау

Басқа да стипендиалды бағдарламалар: https://www.daad.de/deutschland/stipendium/datenbank/de/21148-stipendiendatenbank/