Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ шетел тілдер кафедра меңгерушісі Джантасова Дамира Дулатовна 2023 жылдың 24-30 сәуір аралығында ” Staff Mobility Program” ERASMUS+ бағдарламасы аясында оқытушылармен алмасу бағдарламасына белсенді қатысып

Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ шетел тілдер кафедра меңгерушісі Джантасова Дамира Дулатовна 2023 жылдың  24-30 сәуір аралығында ” Staff Mobility Program” ERASMUS+ бағдарламасы аясында  оқытушылармен алмасу бағдарламасына белсенді қатысып, Румын-Америка университетінде Бухарест қаласы, Румыния “Business Administration” мамандығының студенттеріне арналған “Intercultural Communication and Academic Collaboration” тақырыбы бойынша team building, белсенді тыңдау әдістері (active listening techniques), пәнаралық және бірлескен әдістемелер сияқты креативті оқыту әдістерін қолдануымен  дәрістер курсын сәтті оқыды. Сапар аясында Еуропалық Одақ бағдарламалар бөлімінің басшылығымен біздің университеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде әзірленген Go UniTech сандық платформасын қолдану арқылы жоғары білім беруді интернационалдандыру әлеуетін арттыру саласында тығыз ынтымақтастық бойынша шешімдер жасалды. Румын-Америка университетінің студенттерімен кездесу барысында академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен алмасу және біздің ЖОО-ға магистратура мен докторантура бағдарламаларына түсу бағдарламаларын іске асыру үшін Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ білім беру бағдарламаларының тұсаукесері өткізілді.

12

13