ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ FULLBRIGHT БАҒДАРЛАМАСЫ

7 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне АҚШ елшілігінің өкілдері Колин Гард-мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі атташе, Айнұр Сембаева – түлектер бағдарламаларының үйлестірушісі, Эммет Кашман – Fullbright (English teaching assistant) бағдарламасының стипендиаты, келді. Кездесу Басқарма төрағасы-ректор Ибатов Марат Кеңесұлының қатысуымен өтті, оның барысында ЖОО-дағы бағдарлама стипендиатының жұмыс жоспары талқыланды, сондай-ақ Елшілік өкілдері ЖОО қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.

Дж. Уильям Fulbright бағдарламасы 1946 жылы Америка халқы мен дүние жүзіндегі адамдар арасындағы өзара түсіністікке жұмыс жасау үшін құрылған. Бүгінгі таңда Фулбрайт бағдарламасы әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі болып табылады.

2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 2024 жылдың 30 маусымы аралығында Эммет Кашман Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ағылшын тілі бойынша оқытушы міндетін атқаратын болады, сондай-ақ студенттерге арналған тегін курстар, оқытушыларға арналған оқыту семинарлары өткізілетін болады.

1-3

2-3

3-2