Құрметті ҚарМТУ-дың студенттері мен магистранттары!!!

12

Еуропалық одаққа кіретін (Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания,Кипр,  Литва, Польша, Франция және Болгария) және АҚШ, Болон процесіне қатысушы-елдердегі 2015 жылдың АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҚЫЛЫҚ аясында шет елде оқуға КОНКУРС жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін 2015 жылдың 17-маусымына дейін Болон процесін дамыту бойынша басқармасына (басты корпус, 335-кабинет) өтініш берулерініз қажет.

Үміткерлерді шет елге оқуға жіберу үшін тәуелсіз комиссия құрамы бекітіліп, іріктеу жүргізіледі.

Іріктеудің негізгі талаптары:

- орта білімі туралы құжаттың орташа балы және/немесе академиялық кезеңді аяқтауы бойынша ағымдық үлгерімі (транскрипт);

- шет тілін білу деңгейі;

- Университет және факультеттің ғылыми және мәдени өміріне белсенді түрде қатысуы. 

Конкурс 4 кезеңнен тұрады:

1) құжаттарды қабылдау;

2) тілдік  сынақтама;

3) психологиялық сынақтама;

4) комиссия мүшелерімен ағылшын тілінде әңгімелесу.

Кандидаттар 2015 жылдың 20-маусымына дейін Болон процесін дамыту бойынша басқармасына мынадай құжаттарды тапсырады:

  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Кепілдемелік хат (факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің қолымен);
  • Мінездеме (факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің қолымен);
  • Транскрипт (факультет деканатынан алынады);
  • Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат.
  • Өтініш (еркін түрде жазылады, алайда 2 беттен аспауы қажет (А4 форматы), шрифт Times New Roman, 14 кегель, интервал бір жарым);
  • Мадақтама, сертификат, диплом, мақтау қағаздарының көшірмесі, егер болса.

 Тәуелсіз комиссияның шешімі бойынша үздік студенттер тілдік, психологиялық сынақтамаға және сұбаттасуға шақырылады. 

Қосымша мәліметтер үшін

Халықаралық байланыстар бөліміне хабарласыңыздар (бас ғимарат, 309 а кабинеті).

Байланыс  телефоны: 567598, ішкі 2048

ХББ жұмыс уақыты:  8.30 дан 17.30 дейін (түскі үзіліс: 12.30 дан 13.30 дейін)