Құрметті студенттер!

Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне шетелдегі университеттеріне оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз:

  1. Вильнюс Гедиминас техникалық университеті (Вильнюс қ., Литва) https://vilniustech.lt/studies/study-programmes/294828
  1. Познань Техногиялық университеті (Познан қ., Польша) https://www.put.poznan.pl/wymiana-studencka
  1. Кобург Қолданбалы Ғылымдар Университеті (Кобург қ., Германия) https://www.coburg-university.de/academic-studies/international-bachelor-programs.html
  1. Румын-Америка Университеті (Бухарест қ., Румыния) https://www.rau.ro/find-a-ba-program/?lang=en
  1. Острава Техникалық Университеті (Острава қ., Чехия) https://www.vsb.cz/en/study/exchange-students/exchange-programme/
  1. Малайзия техникалық университеті (Куала-Лумпур қ., Малайзия) https://www.utm.my/
  1. Краков техникалық университеті (Краков қ., Польша) https://www.pk.edu.pl/index.php?option=com_content&view=article&id=86&Itemid=268&lang=en
  1. Обуда университеті (Будапешт қ., Венгрия) https://uni-obuda.hu/faculties/
  1. Пекин технологиялық университеті (Пекин қ., Кытай) https://isc.bit.edu.cn/admissionsaid/financialaid/scholarships/b112920.htm#

Құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін 09.10.2023ж. дейін 241 кабинетке (бас корпус) баруын сұраймыз.

Шығындарды ішінара өтеу ЖОО-ның бюджеттен тыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады (көлік шығындары, тұруға арналған шығындар, медициналық сақтандыруды сатып алуға арналған шығындар).

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • 2, 3 курс білім алушылары
  • GPA – 3.0 және одан жоғары
  • В2 деңгейінде ағылшын тілін білу (Upper-Intermediate)
  • Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. уәждемелік хат;
  3. мөрмен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
  4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;
  5. студент кәмелетке толмаған жағдайда ата-анасының жазбаша келісімі;
  6. 3×4 сурет – 3 дана;
  7. мектеп аттестатының көшірмесі;
  8. файлдар – 2 дана

Ағылшын тілін B1/B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Қабылдаушы университеттің талабы бойынша қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін!