Құрметті білім алушылар!

Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне Рессей университеттеріне оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз:

  1. Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) — https://www.spbstu.ru/abit/bachelor/calculator/
  1. Санкт — Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) — https://www.spbgasu.ru/applicants/areas-of-training/
  1. Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Томск қ., Ресей) https://tsuab.ru/educational-programs/
  1. Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей)   — https://abiturient.tpu.ru/bachelor
  1. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті  (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей ) http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta
  1. Урал мемлекеттік тау-кен университеті (Екатеринбург қ., Ресей) — https://abit.ursmu.ru/importante/napravlenii-podgotovki.html
  1. Тюмень индустриалды университеті (Тюмень қ., Ресей) — https://www.tyuiu.ru/abitur/bachelor/
  1. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Мәскеу қ., Ресей) — https://bmstu.ru/bachelor/majors
  1. Иркутск ұлттық техникалық зерттеу университеті (Иркутск қ., Ресей) — https://www.istu.edu/deyatelnost/obrazovanie/urovni

Өтініш беру үшін 09.10.2023 ж. дейін 241 кеңсеге келуінізді сұраймыз. 

Шығындарды ішінара өтеу ЖОО-ның бюджеттен тыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады (көлік шығындары, тұруға арналған шығындар, медициналық сақтандыруды сатып алуға арналған шығындар). 

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • 2, 3-курс білім алушылары
  • ағымдағы оқу үлгерімі GPA – 3.0 және одан жоғары
  • орыс тілін білу
  • Мамандықтың барынша сәйкестігі

Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі: 

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. оқу жұмыс жоспары (2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне);
  3. транскрипт;
  4. жеке куәліктің көшірмесі;
  5. тез тігіндегіш;
  6. сурет 3×4 – 3 дана;
  7. мектеп аттестатының көшірмесі;
  8. файлдар – 2 дана
  9. студенттің/магистранттың өтінішінің нысаны;
  10. білім алушының отбасының көп балалы екендігін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
  11. студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін;
  12. студенттің мүгедектігін растайтын құжат

Қабылдаушы университеттің талабы бойынша қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін!