ҚР Білім және ғылым министрлігі Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚХР Білім министрлігі арасында жасалған білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқуға және тағылымдамадан өтуге конкурс жариялайды. Осы жылы ҚХР үкіметі Қазақстандық студенттер үшін 122 грант бөліп отыр.
- Аталмыш гранттар туралы ақпарат http://www.campuschina.org/ сайтында орналастырылған.
- Мамандықтардың және жоғары оқу орындарының тізімін http://www.campuschina.org/universities/categories.html сайтынан көруге болады.
Грант келесі шығыстарды қамтиды:
- тегін оқу;
- жатақханада тұру;
- ай сайынғы стипендия бакалавр үшін 350$, магистрлер үшін 400$, докторлар үшін 450$;
- тілдік курстар (қытай тіліндегі оқу бағдарламасын таңдаған жағдайда);
- медициналық сақтандыру.
Талаптары:
- Үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматтары болулары тиіс;
- Білім деңгейі және жас мөлшеріне қойылатын шектеулер:
- бакалавриатқа үміткерлердің орта білімі туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс.
- магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс.
- докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс.
- тағылымдаман өтуге үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 45 жасқа дейін болуы тиіс.
- ғылыми тағылымдамаға үміткерлердің магистрлік не одан жоғары дәрежесі немесе доцент және одан жоғары ғылыми атағы, сондай-ақ жас мөлшері 50 жасқа дейін болуы тиіс.
Ескертеміз!!! Құжаттарды тапсыру уақытында оқуды аяқтамаған үміткерлердің ағымдағы үлгерімі жайындағы анықтамасында оқуды аяқтау күні (мерзімі) көрсетілуі тиіс.
Қытай сайтында онлайн-тіркелу және құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі – 2019 жылғы 15 ақпанға дейін.
Құжаттар қабылдау мерзімі аяқталғаннан соң 15 күн ішінде сұхбат түрінде конкурстық іріктеу жүргізілетін болады, соның ішінде Skypе арқылы онлайн түрде.
2019 жылдың 5 наурызынан бастап сәуір айында қытайлық тарап іріктеу жүргізеді.
Құжаттарды онлайн және қолма-қол тапсыру қажет!!!
1. Оnline өтінім беру
2. Өтініш
ҚХР өтінім формасын толтыру бойынша нұсқаулық