Қырғыз тарапы бакалавр және магистратура бағдарламалары бойынша Қазақстан азаматтарына Қырғыз республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 5 орын бөлді
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес қырғыз тарапы бакалавр және магистратура бағдарламалары бойынша Қазақстан азаматтарына Қырғыз республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 5 орын бөлді.
Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясы: Бакалавр-1, магистратура-1
Кырғыз мемлекеттік медициналық академиясы-2
И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті: Магистратура-1
Үміткерлер келесі құжаттарды өткізу қажет:
- жоғары оң жағында орналастырылған суреті бар ұсынылған сауалнама (қоса берілген)
- қосымшасымен бірге жалпы орта білім беру туралы аттестаттың көшірмесі (нотариалды түрде расталған)
- төлқұжат көшірмесі;
- шетелге оқуға жіберу туралы Ережелер қосышасына сәйкес шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған сауалнама (қоса берілген);
- шетелге оқуға барушыларға арналған ВИЧ-инфекциясына тестінің
нәтижесі көрсетілген
- 086-У формасындағы медициналық анықтама (фото мен мөр болуы қажет);
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2015 жылғы 15маусым.
Құжаттар файл папкаларына салынып, Астана қ.,Орынбор 8, 11 кіреберіс мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама үшін келесі телефондарға хабарласыңыз: +7 (7172) 742390.
Қосымша ақпаратты алу үшін Халықаралық байланыстар бөліміне келіңіздер (басты ғимарат, 309а кабинеті).