ҚР Білім және ғылым министрлігі Украинаның техникалық, экономикалық, гуманитарлық бағыттар/мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының азаматтары оқуы үшін, 2015 жылға берілетін мемлекеттік шәкіртақы туралы хабарлайды, олардың ішінде:
- бакалавр оқу-біліктік деңгейі бойынша – 10 орын;
- магистр оқу-біліктік деңгейі бойынша – 10 орын.
Үміткердің жеке ісін топтау қажет:
- жазбаша толтырылған және суреті бар сауалнама (көрсетілген үлгідегідей);
- азаматтығы және тіркеуі көрсетілген паспорттың көшірмесі;
- бағалары көрсетілген білім алу құжаты (мектеп оқушыларына мектеп директорының расталуымен 11 сыныптың бағалары жайындағы анықтама) құжат украин тіліне аударылып, Қазақстандағы Украина елшілігімен расталуы қажет;
- туу туралы күәліктің көшірмесі.
Оқуға баратын үміткерлердің құжаттарын ҚР Білім және ғылым министрлігіне 2015 жылдың 11 маусымына дейін жіберу қажет.
Құжаттар толық жинақта мына мекен-жайға ұсынылу қажет: Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8; рұксаттама бюросы 15 каб. 10:00 бастап 12:00 дейін және 15:00 бастап 17:00 дейін.
Тел.: + 7 (7172) 74-24-47.
Қосымша ақпаратты Халықаралық ынмымақтастық бөлімінде (басты корпус, 309а кабинет) және қосымшада көруіңізге болады.
Украина Республикасының жоғары оу орнында оқу үшін жіберілетін шетел азаматының сауалнамасы