26.11.2018 – 22.12.2018 ж. аралығында ҚарМТУ машина жасау факультетінде “НжМ” кафедрасының шақыруы бойынша Запорожье (Украина) қаласынан келген шетелдік ғалым, доцент, к.т.н., аспирантураның меңгерушісі Карпенко Анна Владимировна “Материалтану және жаңа материалдар технологиясы” және «Металлургия» мамандықтарының студенттері мен магистранттары үшін дәріс, практикалық сабақтар және консультациялар өткізді.
Сабақтар бакалавриат студенттері үшін “Құюдың ерекше түрлері”, “Түсті металдар металлургиясы”, “Пирометаллургиялық процестердің теориялық негіздері”, сондай-ақ магистранттар үшін “Жоғары температуралы технология бойынша жылу оқшаулағыш материалдар”, “Көміртегі негізіндегі композиттік материалдар” пәні бойынша өткізілді.
Дәрістерде келесі тақырыптар қарастырылды:
— Полиакрилонитрилден (ПАН), пектен, гидратцеллюлозадан көміртекті талшықтарды алу;
-Күйдіру түрлері;
-Кенді балқыту;
-Рафинировкалы балқыту;
-Дистилляция;
-Металл шикізатты сілтілеу;
-Ерітінділерді қоспалардан тазарту және металдарды ерітіндіден тұндыру;
Сондай-ақ, доцент Карпенко “НжМ” кафедрасының ғылыми семинарында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына көміртегі негізіндегі композиттік материалдар саласындағы ғылыми зерттеулер туралы айтты, сабақ өткізудің әр түрлі әдістерімен және тәжірибесімен бөлісті.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының доцент А.В.Карпенкомен кездесуі жемісті болды, металлургиямен және
материалтуның да маңызды мәселелері, сондай-ақ педагогикада PhD докторанттарын дайындауда қарастырылды.
Семинардың негізгі қорытындысы Қазақстан мен Украинамен жоғары оқу орындарының ғылыми үйірмелерінің Қазақстан үкіметінің білім беру жүйесінде қойған міндеттерін орындау мақсатында өзара арақатынасын нығайту болды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы профессор А.В.Карпенкоға біздің университетпен ғылыми ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.