Қарағанды техникалық университетінің оқытушысы Абылқас Сағынов атындағы дәріс курсын оқыды Румыно-Америка университетінде

2022 жылдың 9-13 мамыр аралығында Erasmus + Teaching mobility бағдарламасы аясында “Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік” кафедрасының аға оқытушысы Клюева Е.Г. Румыно-Америка университетінде (Бухарест қ., Румыния) «Introduction to the Databases» дәрістер курсын оқыды.
Университет бакалавриат және магистратура студенттерін «бизнесті басқаруға арналған ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша дайындайды.
Дәрістерден басқа, оқытушы School of Computer science for business management профессор-оқытушылар құрамымен танысты. Әріптестер оқу және ғылыми қызметті ұйымдастыру тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Оқытушының академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері толық көлемде орындалды.

123-768x644