Қарағанды техникалық университетінде 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Вильнюс техникалық университетіне (Литва), Познань политехникалық университетіне (Польша), Краков Техникалық Университетіне (Польша) оқуға студенттердің құжаттарын қабылдау ашылды

Құрметті студенттер!

12 13 14

Қарағанды техникалық университетінде 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Вильнюс техникалық университетіне (Литва), Познань политехникалық университетіне (Польша), Краков Техникалық Университетіне (Польша) оқуға студенттердің құжаттарын қабылдау ашылды.

Құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін 19.11.2021ж. дейін 241 кабинетке (бас корпусқа) өтініш білдіруді сұраймыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. транскрипт;
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. сурет 3*4 – 3 дана;
  5. мектеп аттестатының көшірмесі;
  6. файлдар – 2 дана

Ағылшын тілін B1/B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

Вильнюс техникалық университетінде Гедимина: https://vilniustech.lt/studies/study-programmes/294828

Познань политехникалық университеті: https://www.put.poznan.pl/wymiana-studencka

Краков техникалық университеті:
https://www.pk.edu.pl/index.php?option=com_content&view=article&id=86&Itemid=268&lang=en