Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2011 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде магистратура бағдарламасы бойынша ҚХР мұнай-газ университетінде оқуға конкурс жариялайды (10 грант – мұнай-газ мамандықтары бойынша, 5 – түрлі мамандықтар бойынша (мамандықтар тізімі қоса беріледі).
Үміткерлерді іріктеуді ҚР БҒМ мен Қазақстан Республикасындағы Қытай ұлттық мұнай-агз корпорациясының бірлескен комиссиясы жүзеге асырады.
Аталған Келісімге сәйкес стипендияны қаржыландыру барлық оқу мерзімінде (1 жыл тілдік тағылымдама, 3 жыл магистратура) Қытай мұнай-газ университетімен реттелген қаржылық шығындарды қамтиды: оқу, тұру, оқу материалдары, тасымалдау және шығу құжаттарын рәсімдеу. Сондай-ақ, екі жаққа халықаралық авиабилет, медициналық сақтандыру шығындары және стипендия. Басқа артық шығындар білім алушылардың өз есебінен төленеді. Стипендия орнатылған критерийлерге сәйкес беріледі.
Үміткерлердің дипломының орташа балы 5,0-ден 4,5 (GPA 4,0-ден 3,67) болуы тиіс.
ҚХР-да оқуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
- шетелде оқуға жіберуге өтініш-негіздеме;
- Шетелде оқуға жіберу ережелеріне қосымшаға сәйкес шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;
- паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- фотосы және мөрі бар денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (082-у);
- қосымшасымен білім туралы құжаттың көшірмесі және олардың нотариалды куәландырылған ағылшын тіліне аудармалары;
- 3,5х4,5 сурет (түсті) — 4 дана.
Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде аты-жөні, мекен-жайы, телефон, білім беру ұйымының атауы, мамандығы көрсетілуі тиіс.
Құжаттар файлдық мұқабада 2 данадан (1 нотариалды куәландырылған дана, 1 көшірме) болуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс, (рұқсаттама бюросы).
Құжаттарды қабылдауды ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (13.00-14.30 түскі үзіліс) жүргізеді, телефон +7(7172) 742447.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2015 жылғы 27 мамырға дейін.
Конкурстан өтпеген үміткерлерге құжаттары 1 айдың ішінде қайтарылады.
Қосымша:
1) Шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы;