Сіз білесіз бе?
Эстония – әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі
Эстония – SKYPE ойлап тапқан ел
Эстония – НАТО-ның киберқауіпсіздік агенттігі және Еуро Одақтың IT-мекемесі орналасқан ел
Эстонияда Еуропадағы ең ауқымды 4G желісі (бүкіл елдің 95% -ы)
Эстония 2017 жылы 400-ден астам стартаптардың жасалған жетекші елі
Эстония – 15 минутта онлайн компания ашуға мүмкіншілік бар ел
Эстония – электрондық қоғам: электронды салық, электронды паркинг, электронды мектеп, электронды азаматтық және т.б.
Эстониядағы университетке түсу туралы әлі ойланып тұрсың ба?
Эстонияның жоғары оқу орындары –
- Ағылшын тілінде 100-ден астам ерекше және жоғары сапалы оқу бағдарламалары
- Халықаралық танылған дипломдар
- Әр түрлі мемлекеттік стипендия және студенттерге арналған қаржыландыру мүмкіндіктері
- Ағылшын тілі кеңінен қолданылатын аймақ
- Жоғары деңгейдегі ғылыми жобалар
- белсенді және қызықты студенттік өмір
- Студенттерге жұмысқа тұру мүмкіндіктері
- Өмір сүрудің қолжетімді бағасы
- Қауіпсіз және тұрақты орта
Эстонияда 6 жоғары оқу орны бар (бакалавриат, магистратура және докторантура)
ЖОО-дағы барлық бағдарламаларды мына сілтеме арқылы көруге болады:
https://estonia.dreamapply.com/courses/search
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 1 қаңтар – 1 мамыр
Барлық университеттерде тегін оқу мүмкіндігін алуға болады!
Эстониядағы стипендия түрлері:
1) Университет стипендиялары
- Оқуға 100% жеңілдік (грант)
- студенттік қажеттіліктерге негізделген ай сайынғы стипендия
- академиялық нәтижелер бойынша стипендия
2) Ministry of Foreign Affairs Scholarships
Магистрлік бағдарламаларға үміткерлер үшін толық қаржыландырылатын стипендия. Стипендия оқу ақысын төлейді және ай сайынғы жәрдемақы беріледі
3) Dora Plus стипендиялары
Дора Плюс гранты бакалавриат немесе докторантураға берілуі мүмкін. Шетелдік магистранттарға стипендия айына 350 евро, ал PhD студенттеріне стипендия айына 660 еуро құрайды.
4) Estonian Governmental Scholarships for international students
Стипендия
1) Эстония тіліне және мәдениетіне байланысты салалар бойынша бакалавриат студенттеріне;
2) магистратура мен докторантурада оқуға;
3) жазғы және қысқы мектептерге қатысуға;
4) зерттеушілер мен мұғалімдерге арналған.
5) Мамандандықтар бойынша арнайы стипендия (Ақпараттық технология, электронды үкімет және т.б.)
Әр университет бойынша толық ақпаратты қамтитын хабарландыруларды келесі жариялымдардан күтіңіз !!!
Қосымша ақпаратты университеттер сілтемесінен немесе 87172769056 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.