Халықаралық ынтымақтастық орталығы барлық факультеттерде алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндіктері туралы ” ақпараттық күндер өткізді

2023 жылғы 02 қазан және 06 қазан аралық мерзімінде халықаралық ынтымақтастық орталығы біздің жоо-ның 7 факультетінде “алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқыту мүмкіндіктері туралы” тақырыбында ақпараттық күндер өткізді. Ақпараттық күндерге 400-ге жуық білім алушы қатысты. Халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы Рахимбаева Сабина Ермекқызы факультеттерде презентациялар өткізіп, студенттерді 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрі кезеңінде оқуға қабылдау жүргізілетін жоғары оқу орындарының тізімімен, академиялық алмасу шарттарымен және өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстырды. Өткізілген ақпараттық күндер арқылы білім алушылар арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасының беделі артып, көктемгі семестрге өтінімдер саны артады деп күтілуде.

222

333