Сыртқы шығыс ұтқырлығы

Шығатын академиялық ұтқырлық-білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) оқу бағдарламаларын өзінің жоғары оқу орнында кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып немесе басқа жоғары оқу орнында оқуын жалғастыру үшін оқыту немесе зерттеу жүргізу үшін ауысуы.

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығының кез келген түрінің ұзақтығы – бір семестр немесе бір академиялық жыл.

Конкурстық іріктеудің негізгі критерийлері: университетте бір академиялық семестрді аяқтау, қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес GPA үлгерімі, тиісті шет тілін меңгеру (шет тілі бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың болуы) болып табылады.

Үміткерлерді іріктеу мынадай реттілік бойынша жүзеге асырылады:

  • GPA деңгейі;
  • ағылшын тілін білу деңгейі;
  • академиялық жетістіктер.

Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру жүзеге асырылуы мүмкін:

1) республикалық бюджет қаражаты;
2) “Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті” КЕАҚ бюджеттен тыс қаражаты;
3) жұмыс берушілердің, әлеуметтік, академиялық және ғылыми әріптестердің гранттары, халықаралық және отандық қорлар мен стипендиялар;
4) білім алушылардың жеке қаражаты.

Білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру үшін шетелдік университеттен қабылдаушы университет қол қойған ресми шақыру, қабылдаушы ЖОО-да игерілетін барлық пәндер мен “Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті” КЕАҚ пәндері көрсетілетін білім алушының оқуға және жеке оқу жоспарына үшжақты келісім және қашықтықтан форматта игерілетін пәндер негіз болып табылады

Академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін құжаттар пакеті:

1) білім алушының өтініші;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі;
3) Білім туралы құжаттар:
“Бакалавриат” бағдарламасы бойынша жолдама алу үшін:
– мөрмен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;
“Магистратура” бағдарламасы бойынша жолдау үшін:
– қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы және ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;
“Докторантура” бағдарламасы бойынша жолдау үшін:
– қосымшасы бар магистр дипломы немесе қосымшасы бар резидентураны бітіргені туралы куәлік және ғылыми диссертацияның өзектілігі және оқуға жіберу қажеттілігі туралы кафедра отырысының хаттамасынан үзінді;
4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
– шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат;
– шетелдік ЖЖОКБҰ-ның шет тілі деңгейі бар студентті қабылдауға келісімі туралы хат;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 072/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығушы үшін);
6) Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда, шетелге шығуға үміткердің ата-аналарының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;
7) студент отбасының көп балалығын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
8) студентте ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін (бар болса);
9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҰТҚЫРЛЫҚ

Внутренняя академическая мобильность

ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҰТҚЫРЛЫҚ

Внешняя академическая мобильность

 

 РЕСЕЙДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҰТҚЫРЛЫҚ

simvoly-rossii-13

Өтінімді “Өтінім беру” батырмасын басу арқылы қалдыра аласыз

Барлық туындаған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық орталығына (бас оқу корпусы, 241 Кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.