Пекин технологиялық институтында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға China Government Scholarship 2021 стипендиялық бағдарламасына өтінімдер қабылдау ашылғанын хабарлаймыз
Стипендия оқу, медициналық сақтаңдыру және жатақхананың шығындарын өтейді.
Стипендия мөлшері:
- бакалавриат – 2500 юаней (400$)
- магистратура – 3000 юаней (485$)
- докторантура – 3500 юаней (565$)
Кім өтініш бере алады?
- Шәкіртақыға үміткер Қытай азаматы болмауы керек;
- Кандидаттардың денсаулығы жақсы болуы керек;
- BIT магистратурасында оқуға үміткерлер бакалавр дәрежесіне ие болуы керек және 35 жастан кіші болуы керек;
- BIT докторантурасына үміткерлер магистр дәрежесіне ие болуы керек және 40 жастан кіші болуы керек.
Өтінім беру рәсімімен және өтінім беру үшін қажетті құжаттармен сілтеме бойынша өтіп таныса аласыз: https://isc.bit.edu.cn/admissionsaid/financialaid/scholarships/b112920.htm
Өтініш беру мерзімі: 2020 жылғы 15 қазан – 2021 жылғы 15 сәуір.
Онлайн-өтінім беруге арналған сілтеме: http://apply.isc.bit.edu.cn/
Пекин технологиялық институты және оқу бағдарламалары туралы ақпаратты мына сілтемеден қарай аласыздар: https://isc.bit.edu.cn/sylbt/b187647.htm