Малайзия технологиялық университетінен Қарағанды техникалық университетіне жұмыс сапарымен қауымдастырылған профессор, доктор — Хайрур Риджал Бин Джамалудин ұшып келді. Ғалым ЖОО-дағы ғылыми іс-шараларға қатысып, студенттер мен магистранттар үшін ТОМиС кафедрасында дәрістер өткізді. Сондай-ақ университеттің докторанттары мен жас ғалымдарына семинарлар өткізді.