Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде вьетнам тарапы 2015-2016 оқу жылына үш студентке грант бөледі
Білім және ғылым министрлігі Вьетнам Социалистік Республикасы білім және кадрларды даярлау министрлігі Қазақстан және Вьетнам Үкіметтері арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім негізінде вьетнам тарапы 2015-2016 оқу жылына үш студентке грант бөлінетіндігін хабарлайды.
Оқу вьетнам тілінде (1 жыл қосымша вьетнам тілінің дайындық курстарымен қоса) немесе ағылшын тілінде (біліктілік сертификатын көрсету арқылы) өтеді.
Үміткерлер келесі құжаттарды өткізу қажет:
- төлқұжат көшірмесі (нотариалды түрде расталған);
- жоғары оң жағында орналастырылған суреті бар ұсынылған сауалнама (қоса берілген) (ағылшын тілінде толтырылады);
- шетелге оқуға жіберу туралы Ережелер қосышасына сәйкес шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған сауалнама (қоса берілген);
- шетелге оқуға барушыларға арналған ВИЧ-инфекциясына тестінің
нәтижесі көрсетілген 086-У формасындағы медициналық анықтама (фото мен мөр болуы қажет);
- қосымшасымен бірге жалпы орта білім беру туралы аттестаттың көшірмесі (ағылшын тіліне аударылып, нотариалды түрде расталған);
- магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға үміткерлер үшін жоғары білім туралы дипломның нотариалды расталған көшірмесі (ағылшын тілдеріне аударылған);
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейінің сертификаты;
- Ғылыми жұмыс жобасы
- Жарияланған мақала, зерттеулер және т.с.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2015 жылғы 15маусым.
Құжаттар файл папкаларына салынып, Астана қ.,Орынбор 8, 11 кіреберіс мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама үшін келесі телефондарға хабарласыңыз: +7 (7172) 742390.
Қосымша ақпаратты алу үшін Халықаралық байланыстар бөліміне келіңіздер (басты ғимарат, 309а кабинеті).