«Болашақ» халықаралық стипендиясы»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев тағайындаған “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды.

“Болашақ” бағдарламасы шеңберінде ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура, резидентура) өтуді, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен компанияларында ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

2021 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 385 стипендия магистратура бағдарламаларына, 60 стипендия докторантура және резидентура бағдарламаларына, 110 стипендия педагог қызметкерлердің, мемлекеттік қызметшілердің, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамадан өтуіне арналған. 500 стипендия әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін қазақстандық ғалымдарға берілетін болады.

Стипендияға үміткерлерге академиялық оқу үшін 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық ұсынылады.

“Болашақ” стипендиясы туралы толық ақпаратты сайттан көре аласыз: https://bolashak.gov.kz/