Ауғаныстаннан елшілік өкілдерінің ҚарМТУ-ға сапары

2019 жылы 17 қыркүйекте “Армандастар Ордасы” жатақханасының оқу аудиториясында Ауғанстанның шетелдік студенттерімен жиналыс өтті.   Жиналыс барысында ҚР-дағы Ауғанстан Ислам Республикасы елшілігінің үшінші кеңесшісі және ҚР-дағы Ауғанстан Ислам Республикасы елшілігінің аудармашысы Абдул Хамид студенттермен бірге ауған студенттерінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша мәселелерді талқылады, сондай-ақ оқу үрдісінде және шешу жолында туындайтын өзекті мәселелерге талдау жүргізді. Жиынға халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығы басшысының м. а. – Кожанбергенова Айгерим Солтанбекова және халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының маманы-Рахимбаева Сабина Ермекова қатысты. Кездесу барысында шетелдік студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға дұрыс және сауатты жауап алды.

WhatsApp Image 2019-09-18 at 10.49.41

WhatsApp Image 2019-10-10 at 09.34.25