Академик Ш. Есенов атындағы 2024 студенттік стипендия алуға конкурс жарияланды

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 70 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы конкурсын жариялайды.

SH.-Esenova-2024-768x426

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және  магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары. 

Гранттар саны: 20

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы конкурсына қатысу үшін үміткер:

  1. Қор сайтында онлайн — өтінімді толтыру академик Ш.Есенов атындағы стипендия 2024 — Shakhmardan Yessenov Foundation
  2. Өтінімге қосымша:

 Міндетті құжаттар:

  1. Жеке куәлік көшірмесі;
  2. «Қазақстанның білімі және ғылымы үшін не жасадым және не жасаймын? Сіз үшін маңыздысы не және неге?» атты тақырыпта өтініш жасау;
  3. Транскрипт (GPA орта балл 3,0 кем емес), балы 3,0-ден төмен өтінімдер қаралмайды;
  4. Магистратура студенттеріне арналған жоғары білім туралы дипломның көшірмесі (бакалавр, маман). 

Қосымша құжаттар:

  1. Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес*;
  2. Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес*;
  3. Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Өтінімдер Қордың сайтында 2024 жылғы 01 ақпаннан бастап 05 наурызға дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 05 наурызда Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады (GMT+6). Қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

Бағдарлама туралы ереже