QS рейтингінің талаптары

Алғаш рет 2004 жылы  құрылған QS World University Rankings® жетекші университеттердің мықты жақтарына көп қырлы көзқарастарды ұсыну мақсатымен құрылған.

Олар студенттерге қызығушылық танытатын төрт басты саланы қамтитын мәліметтерде негізделген: зерттеу жүргізу, жұмысқа орналастыру, оқыту және интернационалдандыру.

Қазіргі таңда зерттеу 2000-нан астам университетті есепке алып, 700-ден аса университеттерді саралайды. Топ-400 жекеше бағаланады, 401 және одан жоғары орналасқан университеттер топтарда сараланады. Рейтингтер келесі алты көрсеткіштер арқылы құрылады:

Академиялық эксперттік бағалау (40%)

Бұл көрсеткіш  ғалымдарға әлем бойынша онлайн таралған академиялық эксперттік бағалау туралы сауалнамасы негізінде құрылған. Ғалымдарды қазіргі таңда мамандандыру саласында ең үздік зерттеулерді ұсынатын университеттерді анықтауға сұралды. 2012 жылы, үш жыл бойы жиналған  сауалнама 46000-дан астам жауап алды. Сұхбаткерлерге өз мекемелерін ұсынуға немесе бір жылдың ішінде бірнеше рет жауап беруге тыйым салынды. Алдынғы үш жылда қатысқан сұхбаткердің тек ақырғы жауабы қабылданады.

Мәліметтерді цитаталау биомедициналық ғылымдар сияқты компьютер-басқаратын пәндерге көбінесе әділетсіз қарағанымен, академиялық эксперттік бағалау барлық пәндерді бірдей бағалайды.Көп цитата алу үшін  өте маңызды зерттеулерге көп уақыт керек болғанымен сауалнама жылдық есептеудегі үдерістерге алғыр болып келеді. Үлескерлік арақатынас географиялық жағынан және пән бойынша қолдану, осы арқылы келісті таратуды адал жасауға болады.

Рекрутерлік эксперттік бағалау (10%)

Рекрутерлік экспертті бағалау онлайн режімінде өткізілетін жұмыс берушілерге үлестірілген әлемдік сауалнама бойынша құрылған. Нәтижелері «ақырғы жауаптың» мәнінде негізделіп, 2012 жылы 25000 жауап жинады.

Жұмыс берушілерді ең үздік бітірушілерді шығаратын университеттерді анықтау сұралды. Бұл көрсеткіш қай университет еңбек нарығында беделді екенін білуге, сонымен қатар қай университет бітірушіні еңбек нарығында табысты болу үшін дағдылармен үлестіруде сәтті болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Соымен қатар әлемнің негізгі аймақтарынан адал көрініс қамтамасыз ету үшін географиялық үлескерлік арақатынас қолданылады.

Профессорлар-оқытушылар құрамының студенттер санына ара қатынасы (20%)

Профессорлар-оқытушылар құрамы/студенттердің арақатынасы оқуға адйындықтың ең үйлесімді және қолайлы болып табылады. Бұл көрсеткіш әр студентке ғылыми қызметкерлердің санын анықтайды.

Бір ПОҚ келтірілген ғылыми мақаланы цитаталау саны (20%)

Сілтемелер мен зерттеу тиімділігінің жалпы қолданған шаралары қолданылады. Сілтеме – мәтіндегі ғылыми жарияланымға түсірме болып табылады. Егер жарияланым көп сілтемеге ие болса, онда ол жақсырақ қабылданады. Егер университет қөп цитата алатын құжат шығарса, ол ең беделді болып саналады.

Осы шара ғылыми және техникаплық пәндерге бағытталғанымен, аса зор мәні жоқ. Бұл бағалауда қолданатын дерекнама-Скопус, әлемдегі ең ірі реферат мен ғылыми әдебиетті цитаталаудың мәліметтер қоры. Цитаталаудың жалпы өлшемі мекеменің өлшемін есепке алу үшін оқытушылар құрамына қарсы көрсеткіш болып табылады.

ПОҚ шетел өкілдер (5%) мен шетел студенттер үлесі (5%)

Ең табысты университеттер ең үздік студенттер мен оқытушыларды тартуда жарысады. Шетел студенттер мен ПОҚ-ты бағалаудың үлесі мекеме әртүрлілігі мен халықаралық тартымдылығының көрсеткіші болып табылады. 

Қосымша ақпарат: факультеттер арасындағы бедел рейтингісі

Жалпы таблицаға қосымша университеттер факультеттің бес саласында сараланады. Бұл сұхбаткерлердің бағалауына байланысты академиялық бедел жайлы сауалнама бойынша негізделеді:

–          Өнерлік ғылымдар және технологиялар

–          -Өмір туралы ғылым және медицина

–          Жаратылыс ғылымдары

–          -Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент

Әр факультетте университеттердің топ 400 тізімі бар.

QS халықаралық рейтинг агенттiгінiң
Университет кафедраларына қатысты критерийлары туралы мәліметтер

ҚарМТУ соңғы екi жыл ішінде жоғарғы оқу орындарын бағалайтын QS World University Rankings халықаралық рейтингінде қатысып келеді. Кафедраларға аталмыш рейтингте лайықты орынға ие болу үшін келесi критерий бойынша жұмысты күшейту қажет:

1 ) Профессорлық-оқытушылар құрамы;
2 ) Бакалавриат;
3 )Магистратура/Докторантура;
4 )Түлектер;
5 ) Жұмысқа орналастырудағы көмек;
6 ) Халықаралық қатынастар.

QS халықаралық рейтинг агенттiгінiң Университет кафедраларына қатысты критерийлары туралы мәліметтер