TEMPUS project QUEECA

TEMPUS project QUEECA

 «Quality of Engineering Education in Central Asia»

(Орталық Азиядағы Инженерлік білімнің сапасы) 

QUEECA 2013

QUEECA 2014

QUEECA 2012 logical framework matrix

Жоба ұзақтығы: 15.10.12 -14.10.15 жж. 

Басымдығы:

Басқару реформасы: Сапамен қамтамасыз етуді енгізу

(Орта Азиядағы барлық мемлекеттерге Құрылымдық өлшеу бойынша аймақтық және ұлттық басымдығы).

Жоба үйлестірушісі: University of Florence (Италия) 

Қаржыландыру көлемі: 1 105 793,64 (€) 

Жобаның басты мақсаты:

Орта Азиядағы инженерлік бағдарламаларды аккредиттеумен инженерлік білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру және енгізуді бастау; бұл жүйе еуропалық (EUR-ACE) негізгі стандарттар мен онымен байланысты сапа талаптары және рәсімдерімен (ENAEE арқылы) еуропалық жоғары білімде және Қазақстандағы салынатын күшпен тәжірибе басымдығына ие болады. 

Основные цели проекта:

1.SEFI және IFEES-пен қызметтестігі үшін инженерлік білім бойынша бірлестіктерді (Қазақстанда – KazSEE күшейту) және Орталық Азияда EES Аймақтық Федерациясын құру.

2.(Аймақтық координациямен) тиісті мемлекетте техникалық аккредиттеуді өткізуге қабілетті ұлттық техникалық аккредиттеу орталықтарды құру.

3.Еуропалық EUR-ACE стандарттар мен сәйкес рәсімдердің Орталық Азияға бейімделу.

4.CAEAS бірінші жобаларын сыннан өткізу үшін «сыналатын аккредиттеу» өткізу. .

5.Орталық Азияның техникалық аккредиттеу стандарттарын(CAEAS)  орыс және ағылшын тілдерінде жазу.

6.Орталық Азияның барлық жерлерінде инженерлік бағдарламалар аккредиттеудің бірінші сынағын өткізу. 

Жобаның екінші мақсаттары:

  1. Жобаға қатысатын университет қызметкерлерін ағылшын тіліне оқытудың қысқатртылған қарқынды бағдарламаларын өткізу.
  2. Аккредиттеу және онымен байланысты рәсімдерге дерекқор жүйесін құру

_____________________________________________________________

ENAEEИнженерлік білімді аккредиттеу бойынша Еуропалық жүйе

SEFIИнженерлерді оқыту бойынша Еуропалық бірлестік

IFEES -Инженерлік білім бойынша Бірлестіктердің Халықаралық федерациясы

KazSEE  – Инжеренлік білім бойынша Қазақстандық бірлестік 

Консорциум мүшелері:

Еуробірлестік: Италия (UNIFI, UNIROM, USGIT), Ұлыбритания (MDX), Германия (ASIIN, RUB), Бельгия (ENAEE, SEFI)

Орталық Азия мемлекеттері:  Қырғыстан (KSTU/KG, KSUCTA),  Тәжікістан (MMIT, TTU), Өзбекістан (TSTU, TUIT).

Қазақстан:

  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
  • Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Инженерлік білім бойынша Қазақстандық бірлестік (KazSEE)
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
  • М.Әуэзов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

 ҚарМТУ жұмыс тобының мүшелері

Университеттен жоба үйлестірушісі: п.ғ.к., доцент, ҒЗИ директоры Смирнова Г.М. 

Жоба бойынша атқарушылар:

Егоров В.В. – п.ғ.д., профессор, оқу-ісі жөніндегі проректор

Жунусова Г.Е. –Сапа менеджменті және аккредиттеу орталығының басшысы

Джантасова Д.Д. – пед.ғ.к., доцент, шетел тілі кафедрасының меңгерушісі

Готтинг В.В. – пед.ғ.к., кәсіби оқыту кафедрасының доценті

Шебалина О.А. – магистр, кәсіби техникалық білімнің ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері

ҚарМТУ жұмыс тобы 2012-2013 жж. жоба бойынша келесі іс-шараларға қатысты:

 

Күні

Іс-шара

Өткізу орны

ҚарМТУ-дың қатысушылары

2013.10.14-15

QUEECA жоба бойынша семинар

Ramada Tashkent Hotel и Ташкент мемлекеттік техникалық университеті (Ташкент, Өзбекстан)

ҒЗИ директоры Смирнова Г.М. – Университеттен жоба үйлестірушісі

2013.10.02

Қазақстандағы  QUEECA жоба мониторингі

Серікбаев атындағы ШҚМТУ (Қазақстан)

ҒЗИ директоры Смирнова Г.М. – Университеттен жоба үйлестірушісі.

2013.04.03-04

QUEECA жоба бойынша форум

Әл-ФАРАБИ атындағы ҚазАТУ, (Алматы, Қазақстан)

ҒЗИ директоры Смирнова Г.М. – Университеттен жоба үйлестірушісі.

2012.11.27-28

QUEECA жоба бойынша бастапқы кеңес

Villa Vigoni (Италия)

1. ҒЗИ директоры Смирнова Г.М. – Университеттен жоба үйлестірушісі.

2. Шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі Джантасова Д.Д. – жоба қатысушысы

ERASMUS+

Эразмус+ – Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы.

Ағылшын тіліндегі толық ақпаратты мына сайттан көруге болады: http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm.

Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр.

Бұл бағдарлама 2007-2013 жылдарда жұмыс істеген Өмір бойы білім алу бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), Жастар іс-қимылы, бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіп дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы) сияқты бағдарламалардың біріктірілуінен жасалған. Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларының мұндай бірлестігі Бағдарламаның құрылымын ұтымды етуге ықпал етеді, алдағы уақытта гранттарға өтініш беру барысын жеңілдетеді, қаржы құралдарын қолдану тиімділігін арттырады және қайталауларды болдырмауға, қолданыстағы бағдарламалардың бөлшектенуін болдырмауға ықпал етеді.

Erasmus+ структура каз

Бағдарламаның Халықаралық өлшемі (яғни серіктес елдермен әріптестік) әріптестік мүмкіндігі бар жоғары білімге, жастар саясаты саласына басым көңіл бөледі. Жоғары білім беруде екі бағдарлама (Бірлескен магистерлік дәреже және Жан Моне бағдарламасы) ЕО ішкі бюджетінен қаржыланады. Басқа екі бағдарлама (кредиттік тұтастық және мүмкіндіктерді арттыру)сыртқы әріптестікті дамыту қорынан қаржыланады.

Эразмус+ бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Сіз Эразмус+ бағдарламасы туралы нұсқаулықтан таба аласыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы

Болашақ 2015 -ке құжат қабылдау

Split PhD 2015-ке құжат қабылдау

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылған болатын. Бағдарламаның пайда болуы уақыт талабына сай келді. Мемлекетіміз енді ғана тәуелсіздік алысымен көптеген реформалардың өмірге келуін талап еткен экономикадағы еркін нарықтық қатынастар жолына, демократия және әлемдік қоғамдастыққа толыққанды кіру жолына түсті. Кез келген реформаны жүргізу өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті білікті кадрлардың болуын талап ететіндігі барлығымызға белгілі. Советтер елдеріндегі мемлекеттер тарихында алғаш рет талантты жастарға толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілді. 1994 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 700 стипендиат әлемнің 13 елінде білім алды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы табысты карьералық өсудің және оның түлектерінің кәсіби тұрғыда пайдасын тигізуінің өзіндік кепілі болды. Бағдарламаның көптеген түлектерінің мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты орындарда болу, әртүрлі мемлекеттік және халықаралық жобаларда жұмыс істеп, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосу фактілері осының айғағы. Алайда «Болашақ» бағдарламасын іске асыруды ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету тұрақты жетілдіруді талап етеді. «Болашақ» бағдарламасын іске асырудың бастапқы кезеңінде (1994-1997 жылдар) 30 пайыздан астам стипендиат үлгерімдерінің төмен болуы салдарынан бағдарламадан шығып қалды немесе оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстанға оралмады. Қазақстанға қайтып оралмаудың жоғары үлесінің негізгі себебі стипендиаттардың мемлекет алдында қандай да бір міндеттердің болмауынан екендігін талдау көрсетті. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясын тағайындау тәртібі туралы ереже әзірленді. Ереже құжаттар қабылдау және үміткерлерді іріктеу рәсімін қарады, сондай-ақ стипендиаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына оқу курсы аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастыруды қарастырды. Шешуін талап еткен басқа мәселенің бірі оқу бағыттарындағы үйлеспеушіліктер туралы мәселе. 1994-1997 жылдары «Болашақ» стипендиясы негізінен қазақстандық жоғары оқу орындарының экономикалық және гуманитарлық факультеттерінің түлектеріне тағайындалды. Техникалық факультеттің түлектері бағдарламада өте аз ұсынылды, бұл техникалық мамандықтар оқу жоспарында экономикалық және гуманитарлық мамандықтармен салыстырғанда шет тілдері аз көлемде оқытылуына байланысты болды. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығының шығуына байланысты инженерлік және техникалық білім алған үміткерлер шет тілінің біреуін еркін білу туралы талапты есепке алмай, «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу құқығына ие болды. Сондықтан, 1994-2004 жылдары «Болашақ» халықаралық стипендиясының іске асырылуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі стипендия тағайындауға үміткерлерді іріктеу әдістемесінде тәжірибе жинақтады. Осы жылдары Үміткерлерді іріктеу ережесі екі рет 1997 жылы және 2000 жылы өзгертілді. Енгізілген әрбір жаңашылдық белгілі бір нәтижелер шығара отырып, алдыңғы жылдарда жинақталған тәжірибеге негізделді және қазақстандық қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді есепке алып, бағдарлама алдына жаңа міндеттер қойды. 2005 жылы Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында жас және талантты үш мың қазақстандыққа «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші оқу орындарында оқу мүмкіндігін ұсыну қажеттігі туралы жариялаған болатын. Стипендиаттар санын арттыру қажеттігі уақыт талабы. Мемлекет қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті экономика моделіне және индустриялық-инновациялық даму, білім және ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау және т.б. саладағы мамандар қажеттілігі үнемі артып отыратын Қазақстан үшін басымды салалардың тұрақты өсуіне негізделген даму жолын таңдап алды. Мемлекет басшысының «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының санын арттыру бойынша бастамасын іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен осы мақсатта бекітілген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына тапсырылды. 2008 жылдан бастап ғылыми және педагог қызметкерлерге ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі ұсынылды, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми және педагог қызметкерлер үшін квоталар енгізілді. Бағдарлама шеңберінде алынатын білім сапасын арттыру мақсатында «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерін оқыту және ғылыми тағылымдамадан өткізу үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтары мен зертханаларының тізімі қысқартылуда. Оған әлемдік рейтингіде жетекші орындарда тұрған үздік университеттер кіретін болады.

Bilim –Central Asia

Келесі қызметтерді ұсынады:

Тегін

Шетелде білім алу жөнінде консультациялар

Шетел университеттеріне түсу сұрақтары бойынша ашық дәрістер

Білім Орталығы кітапханасының қорлары: (үйге берілетін әдебиет – ақылы)

Әр түрлі баспалар (Peterson’s, Barron’s, Longman, College Board, etc.) кітаптары мен оқу құралдарымен ұсынылған.

АҚШ және басқа мемлекеттер оқу орындарының каталогтары

TOEFL, IELTS, GRE,GMAT,SAT, LSAT емтихандарына дайындалу материалдаы

Шетелде білім алу жөнінде анықтама материалдары

Ағылшын тілін өз бетімен меңгеруге арналған әр түрлі құралдар

Ағылшын тіліндегі аудиокассеталармен көркем әдебиеті

Ағылшын тілі клубы – тіл иеленушілермен жылы атмосферада қатынасудың бірден-бір мүмкіндігі

Интернет (күніне 40 минут)

Төлеулі:

Шетелде университетті жекеше таңдау

Ұлыбритания мен АҚШ-та ағылшын тілінің курстары

TOEFL бойынша сыналатын тестілеу (әр апта сайын)

TOEFL, IELTS емтихандарын тапсыруға дайындық курстар

TOEFL тестін тапсыруға тіркелу

“Erasmus Mundus” бағдарлама қатысушыларына ағылшын тілінен тестілеу

АҚШ, Ұлыбритания, Шенген визаларын алуға құжаттарды дайындау

Қазақстан ЖОО басқаратын құрамы мен «Ең озық оқытушы» сыйлығының номинанттарына тренинг ұйымдастыру

«МВА», «Басқару», «Экономика» мамандықтары бойынша магистранттарға арналған бағдарлама

АҚШ-тың білім беру жүйесі

Жоғары білім

АҚШ-та «жоғары оқу орны» деген ұғымның нақты анықтамасы жоқ. Негізі орта мектебінен кейін дайындықты жүзеге асыратын әр білім беру ұйымы, сондай-ақ «орта білім беру кейінгі» (post -secondary school) деп аталатын ұйымдар бірдей мүмкіндік деңгейде «колледж», «мектеп», «институт» немесе «университет» деп аталу мүмкін. Жоғары білім – АҚШ-тағы қымбат заттарының бірі болып табылады.

АҚШ университеттеріне халықаралық талапкерлерді қабылдау және саралау тәртібі ЖОО мәртебесіне байланысты болады. АҚШ ЖОО-ларына түсу үшін халықаралық студенттерге қажетті құжаттар:

-сауалнама

-эссе-дәйектеме

-ұсыным хаттар

-транскрипт, диплом көшірмесі, аттестат көшірмесі (ағылшын тіліне аударылған және нотариуспен куәландырылған)

– Студенттің қай бағдарламаға тапсыратынына байланысты (TOEFL, SAT, GRE, GMAT және т.б. ) тесттердің қорытындылары.

Аккредитация. АҚШ-ма Білім Министрлігі жоқ. Тек бір департамент біліммен айналысады. Білім қызметіне рұқсат қағазы жоқ. Оның орнына университеттер аккредитация алады. Сонымен қатар бұл жерде көптеген аккредитациялық ұйымдар бар және бір ұйымнана немесе бірнеше ұйымнан рұқсат алуға болады немесе рұқсат алмай-ақ жұмыс істей беруге болады. Сондықтан да университет таңдау кезінде бұл факторды түсіну және зерттеп білу өте маңызды.Аккредитация рейтингке, беделіне және сол университеттің білім беру сапасына әсерін тигізеді.

Колледждер: жергілікті, техникалық және бастауыш білім.

Бұл білім мекемелері университеттегі бастапқы екі жылмен салыстырмалы оқу бағдарламасын ұсынады. Бұдан төрт жыл оқудың нәтижесінен деңгей алуға болады. Одан басқа жергілікті колледждердің ерекшелігі – олар студенттерге мамандық беретін жалпы, техникалық және кәсіби білімнің курстарын ұсынады. Олардың міндеті әр тілеушіге білім беру болғандықтан, жергілікті колледждер негізгі талаптарға сай келетін студенттерді қабылдап, оқытудың төмен бағасы мен пәндердің үлкен таңдауың ұсынады.

Төртжылдық колледждер мен университеттер

«Колледж» және «университет» терминдері бірдей болмаса да, олар Америка Құрама Штаттарында бірін-бірі жиі алмастырады. Әдетте колледждер бакалавр деңгейін алуға мүмкіндік беретін оқытудың төртжылдық бағдарламасын ұсынады. Колледждер жоғары бастауыш білімнің бағдарламаларын ғана ұсынып немесе университет бөлігі ретінде тәуелді болып қала бере алады.

АҚШ-та екі мыңнан астам дәстүрлі төртжылдық колледж бен университет бар , олардың әрқайсысында өз өзгешелігі бар. Колледж өз бетімен мақсатын, мамандандыруды және студенттерді қабылдау ережелерін белгілейді. Мысалы, гуманитарлық колледждер гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдарға және тілдерге сүйенеді.

Көптеген фондтар мен үкіметтік емес ұйымдар әр жыл сайын мемлекеттің жоғары оқу орындарының «бағаламасы» жөнінде өзгеше есеп дайындайды (мысалы, «Карнеги классификациясы» бұл жерде тек қана америкалық университеттер сараланады). Ең озық дегендердің қатарына формалды емес клубтың (басында футбол клубы) құрамындағы университеттер кіреді – Гарвард, Пристон, Йель, Коламбия, Браун, Дартсмут, Корнелл, Пенсильвания және т.б.

Бакалавр деңгейіне ие болу үшін студенттер белгілі сынақ бірліктерін жинап, қажетті емтихандарды тапсыру керек.

АҚШ-та бакалавр деңгейіне қарағанда магистр деңгейі мамандандырылған қызметке бағытталған (музыка, бизнес басқару, техника, педагогика және т.б.). Бакалавр деңгейі бар адамдар 1–2 жыл ішінде оқуды бітіріп, <тезис> жазып және оны қорғау керек, бөлек университеттерде шетел тілі білімі талап етіледі. Тезистерді аналитикалық есеп беру немесе магистрлік деңгейге талап етушінің таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысының есептемесі деп қарастырыуға болады.

Аса білікті маман дайындаудың жоғары кезеңі докторлық бағдарлама бойынша оқыту болып табылады, бұл мамандандырылған оқыту мен өз бетімен ғылыми зерттеуге бағытталған. Докторантураға магистр деңгейі бар ғана адамдар қабылданады, бірақ кейбір университеттерге бакалавр деңгейі де жеткілікті болып табылады.

Білім бағалау.

Студенттердің білімін бақылау үздіксіз тестілеу кезінде екі формада жүзеге асырылады:

Баға жүйесі әдетте әріптік, ағлышын алфавитінің алғашқы бес әріпінен тұрады. Орта есеппен алғанда, мемлекеттің мектептерінде бағалар келесі тәртіп бойынша сипатталады:

А — студенттердің 15 пайызы — әрдайым дайындықтың, терең білімнің және сонылықтың жоғары деңгейі (үздік).
В — студенттердің 25 пайызы — орташадан жоғары деңгей (жақсы).
С — студенттердің 35 пайызы — тапсырма орындаудың ортаорташадан төмен).
F — студенттердің 10 пайызы — қанағаттанғысыз нәтиже немеес оқу материалының толық білмеуі.

С-ке бағаланған үлгерім деңгейі бітіру кезеңіне дейін оқуды жалғастыру үшін қажетті болып табылады, В бағасы бітіруші ретінде оқуды жалғастыру үшін қажетті болып табылады.

TOEFL

АҚШ-та бірыңғай мемлекеттік білім беру жүйесі жоқ, әр штаттың оның құрылымың өз бетімен белгілеуге құқығы бар.

TOEFL (Test of English as a Foreign Language) – ағылшын тілі біліміне арналған стандартталған тест (Солтүстік Америка нұсқасында), оны АҚШ пен Канада университеттеріне түсу үшін ағылшын тілінде сөйлемейтін шетелдіктерде тапсыру қажет. Тест нәтижелері басқа ағылшын тілінде сөйлейтін және сөйлемейтін мемлекеттеріндегі ағылшын тіліндн оқытатын ЖОО-ларда қолданылады.

Тесттің бірнеше нұсқалары бар: қағаз нұсқасы (PBT — paper-based test) және интернет нұсқасы (iBT — internet-based test). Қазіргі кезде ақырғы нұсқасы көптеген ЖОО-ларда артық көрінеді, себебі ол тек оқу, тыңдалым және жазуды қамтып қоймай, сонымен қатар ауызекі сөйлеу мен құрамдастырылған тапсырмаларды құрайды.

SAT Reasoning Test (сонымен қатар «Scholastic Aptitude Test» және «Scholastic Assessment Test», сөзбе –сөз аударғанда «Мектеп бақылау тесті») – АҚШ жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған стандартты тест.

Емтихан үш бөлімнен тұрады: мәтінді саралау, математика мен хат. Әрқайсысы 200-ден 800-ге дейін балл береді. Барлық нәтижелер 10-ға тең. Жалпы нәтиже үш бөлімнің нәтижелерін қосу арқылы қалыптасады. Әр ірі бөлім үш бөлікке бөлінген. Сонымен қатар үш бөлімде бола алатын эксперименталды және «теңестіретін» 10 бөлік бар. Эксперименталды бөлік тек қана статистика үшін қолданылып, соңғы нәтижеге әсерін тигізбейді. Тест 3 сағат 45 минутқа дейін болады, бірақ материал тарату мен ұйымдастыру мәселелеріне жұмсалған уақытты санағанда төрт жарым сағат шығады. Сұрақтар жай, орташа және қиын болып бөлінеді. Ереже бойынша жай сұрақтар басыңа қарай, ал қиындары бөлім соңында орналасады.

GRE (ағыл. Graduate Record Examinations) бұл тестті аспирантура, магистратура немесе АҚШ және басқа мемлекеттердің (сонымен қатар – Канада мен Австралия) ЖОО-ларының дипломнан кейінгі курсына түсу үшін тапсыру керек.

Емтиханның екі түрі бар. Жалпы тест (general test),және арнайы тест (subject): физика, химия, математика, биология, психология. General test тек қана математиканың мектеп бағдарламасымен шектеледі, ал subject тесті материал қамту бойынша ЖОО-ның үшінші-төртінші курсымен салыстыруға келеді. Көптеген бағдарламаларға түсу кезінде тек қана general test тапсыру сұралады.

General test математикадан басқа ағылшын тілінен білімді тексеруге бағытталған. Көп көңіл студенттің сөздік қорына бөлінеді.

Ең көп балл – 1600, 800 — математика үшін және 800 — ағылшын тілі үшін. Өту баллы – әдетте 50 пайыз. Егерде 800 балл жиналса, түстім деп есептеуге болады. GRE тесті ағылшын тілі – туған тіл болып келетін студенттерге бағытталған, бірақ Американдық магистратураға түсетін шетел студенттеріне бұл тестті тапсыру керек.

Эразмус Мундус

Эразмус Мундус –Еуропалық жоғары білім сапасын көтеруге және үшінші елдермен өзара қарым-қатынас арқылы адамдар мен мәдениеттер арасындағы диалог пен түсіністікті нығайтуға бағытталған жоғары білім саласындағы тәжірибе алмасу және ықпалдасу жөніндегі бағдарлама.Сонымен қатар,бағдарлама үшінші елдердегі жоғары оқу мекемелері арасындағы ықпалдастықтың әлеуетін және адами ресурстарды дамытуға септігін тигізеді.

Еуропалық Одақтың аз ғана бағдарламалары дәл осындай жалпы еуропалық ауқымды иеленеді.Эразмус Мундус бағдарламаларында Еуропалық университеттің жалпы шамамен 90%-зы қатысады. 1987 жылы бағдарлама ашылған кезден бастап,оған 1,9млн.шамасында студенттер қатысты. 31 елдің 3100 жоғары оқу орны бағдарламаның қатысушылары болып табылады,келешекте бұдан да көп ЖОО оған қосылуға ынталы.

2009 жылдан 2013 дейінгі кезең аралығында Еуроодақ одан тыс аймақта орналасқан елдердің алағұрлым дарынды студенттері мен оқутышыларын, оларға Еуропадағы бірлескен бағдарламаға қатысу үшін гранттар бере отырып,белсенді түрде қолдауды жоспарлады.Бағдарламаның ауқымы докторантура деңгейіне дейін кеңейтілетін болады,сонымен бірге Еуропалық студенттерге берілетін қаржылық көмектің көлемін үлкейту жоспарланды.

Эразус Мундус бағдарламасы үшін жоспарланған бюджет,алдын ала болжам бойынша 2009-2013 аралығындағы кезеңге 950 млн.евроны құрамақ.

Жоба туралы

Эразмус Мундус бағдарламасы келесідей қолдау түрін іске асырады:

аспирантура деңгейде бірлескен бағдарламаларды іске асыруға немесе Еуропа университетімен баағдарламаға қатысушы үшінші елдер арасындағы институт аралық әріптестікті құруға ниетті жоғары оқу орындарына қолдау көрсетеді.

жоғарғы аталған бірлескен бағдарламалар немесе әріптестік шеңберінде зерттеу ,оқыту курстарын жіргізуге мүдделі университеттердің жекелеген студентеріне, зерттеушілер мен оқытушыларына көмек береді.

әлемдегі Еуропалық жоғары білімнің беделі мен дәрежесін жоғарылатуға бағытталған жобаларды іске асыруға ниетті жоғары білім сапасындағы кез келген ұйымдарға қолдау көрсетеді.

Эразус Мундус бағдарламасы 2009-2013 жылдар аралығында келесі іс шаралар арқылы орындалады:

∙ 1- іс-әрекет:Магистратура (іс- әрекет 1А ) және докторантура (іс- әрекет 1В)деңгейдегі Эразмус Мундус бірлескен бағдарламалары,арналған шәкіртақы,дотациялар қосылады.

2 іс -әрекет:Еуропалық Одақ пен үшінші елдер ЖОО арасындағы Эразмус Мундус әріптестіктері,барлық академиялық деңгейдегі тәжірибе алмасу бағдарламаларына арналған стипендиялар мен дотацияларды қоса алғанда.

∙ 3 іс- әрекет: Еуропаның білім алу орны және әлемдік деңгейдегі ең жоғары сапалы білім беру орталығы ретіндегі дәрежесін көтеру жөніндегі жобалар арқылы Еуропалық жоғары білімді ілгерілету.

ТЕМПУС IV БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ЖАҢАРТУ

Темпус- бұл Европалық Одақ бағдарламасы. Европалық кеңес және әріптес мемлекеттерінің серіктестектерінің негізінде әріптес елдердегі жоғары білімді жаңалауға бағытталған. Бағдарламаның негізі мақсаты өз ниетімен Еуропалық өзгерістері бар жоғары білімі мекемелеріне жақындасу. Бұлардың барлығы Лиссабон Конвенциясы мен Болонск үдерісінің қағидаларымен қалыптастырылған. Бұл бағдарламаға бүкіл еуропалық кеңістіктегі жоғары білім дамуы жатады.

ТЕМПУС қалай жұмыс істейді?

Темпус іс-шараларды сайыстыөткізу негізінде қаржыландырады. Мына сайт бойынша жарияланады:http:ec.europa.eu/tempus.

Бірлескен жобаның негізінде Еуропаның ЖОО және университет серіктестігі жан- жақты серіктестікпен бірге  жіберілген:

Оқу жоспарын және бағдарламасын жаңадан жасау:

Сапалы білімнің  мәдениетін  қамтамасыз етуді кеңейту:

ЖОО басқармасының жаңартылуы:

Университеттің қоғамдағы қызметін жоғарылату. Білімнің дамуын өмір бақи күшейту

« Ұшбұрышты білімді» нығайту. Университеттегі жаңа зерттеме және инновация.

Еңбек базар арасындағы қарым- қатынасты ынталандыру ( кәсіптің құрылуына кәсіпорынның дамуы)

« Тақырыптық Сети Эрасмус» және оның елдер – серіктестігінде дамуын кеңейту

Бірлескен жоба кішігірім көлемде және іс- шараның ұзақтылығымен студенттер, оқытушылар, тергеушілер университет және кәсіпорын жетекшілерімен қосылады.

Темпус және Болонск үдерісі.

Болонск үдерісі үдерістің дамуына түрткі болды.

Шұғыл түрде жоғарғы оқу орны Еуропа азаматындай, басқа континенттің өкіліндей.

Еуропа Темпус бағдарламасы арқылы комиссия бұл үдірісті қолдайды.

Елдер- серіктестігінде сонымен бірге нығайтылуы мен кеңейтілуі механизмнің  Халықаралық Болонск  үрдісі мінезінің әрекеті бар.

Қазақстанда жоғары білімнің қайта құрылуы жөнінде ұлттық зерттеу тобы құрылды.Бұл мамандар  жоғары білімге белсенді ат салысушылар.Оның мақсаты: Лиссабон конвенциясы мен Болонск Декларациясының алға қойылған мақсаттарына жету үшін прогресті күшейтіп,  ұлттық қажеттілікпен байланыстыру.

Бұл:

  • Өмір бойы білім стратегиясын дамыту жоғары білім беру мекемелеріне кеңес беру негізі болып табылады.
  • Сонымен қатар Ұлттық топтар өз кеңестерін басқа да облыстардың университеттерінде береді:
  • Сапаны қамсыздандыру (ішкі және сыртқы)
  • Үш деңгейлі жүйе Оқу жоспары және бағдарламасын  қайта жасау, Ұлттық және Еуропалық біліктілік жүйесі. Тюнинг(үйлесімділік )
  • Мойындау(несие трансферінің еуропалық жүйесі. Дипломға қосымша, Еуропас.Лиссабон конвенциясы)