Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті, Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті және Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді оқытуға құжаттар қабылдауды ашты

Құрметті студенттер!

images нгасу Без названия

Сіздерге студенттері және магистранттары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне Ұлы Петр Санкт-Петербург  политехникалық университетінде (Санкт-Петербург қ., Ресей), Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Ресей) және Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Новосибирск қ., Ресей) оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.

Өтініш берушілер 26.04.2021ж дейін 241 кеңсесіне (бас ғимарат) хабарласуы керек.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

– GPA – 3.0 және одан жоғары.
– Орыс тілін білу.
– Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

https://www.spbstu.ru/upload/inter/russian_edu_programs_international.pdf

https://moeobrazovanie.ru/ugntu/?specs

 http://www.sibstrin.ru/facult/

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. оқу жұмыс жоспары (картаға оқуға жоспарланған пәндер, күзгі семестр);
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. скоросшиватель;
  5. сурет 3*4 – 3 дана;
  6. мектеп аттестатының көшірмесі;
  7. файлдар – 5 дана

Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде (Ресей) және Томск политехникалық университетінде (Ресей) 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға студенттер мен магистранттардың құжаттарын қабылдау ашылғанын хабарлаймыз

Құрметті студенттер және магистранттар!

Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде (Ресей) және Томск политехникалық университетінде (Ресей) 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға студенттер мен магистранттардың құжаттарын қабылдау ашылғанын хабарлаймыз.​

Без названия ТПУ_логотип_rgb-04

Оқыту тегін. Академиялық ұтқырлықпен байланысты басқа барлық шығындар студенттердің өз есебінен төленеді (көлік шығындары, сақтандыру, жатақханада тұру).

Өтініш берү үшін 16.04.2021ж дейін № 241 кабинетіне (бас корпус) келулеріңізді сұраймыз.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • GPA – 3.0 және одан жоғары;
  • Орыс тілін білу;
  • Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

https://moeobrazovanie.ru/tgasu/?specs

https://abiturient.tpu.ru/bachelor

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. оқу жұмыс жоспары;
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. скоросшиватель;
  5. сурет 3*4 – 3 дана;
  6. мектеп аттестатының көшірмесі;
  7. файлдар – 3 дана;
  8. студенттің/магистранттың өтінішінің нысаны.

Сіздерге студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне Острава техникалық университетінде оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз

Құрметті студенттер!

otu

Сіздерге студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне Острава техникалық университетінде (Чехия) оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз. Оқыту тегін. Барлық басқа шығындар (көлік шығындары, виза, сақтандыру, жатақханада тұру) студенттің өз қаражаты есебінен өтеледі.

Құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін 31.03.2021 ж. дейін 241 кабинетке (бас корпусқа) өтініш білдіруді сұраймыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. транскрипт;
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. скоросшиватель;
  5. сурет 3*4 – 3 дана;
  6. мектеп аттестатының көшірмесі;
  7. файлдар – 2 дана

Ағылшын тілін B1/B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

vsb.cz/en/study/exchange-students/exchange-courses

https://www.vsb.cz/en/study/exchange-students/exchange-programme/courses/

Венгрияда оқу бойынша құжат қабылдау басталды

i220121-7

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның Адами ресурстар министрлігі арасындағы  2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Венгрия үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2021–2022 оқу жылы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады

Осы бағдарлама шеңберінде Венгрия тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 білім грантын ұсынып отыр:

– бакалавриат бағдарламасы бойынша – 110 орын;
– магистратура бағдарламасы бойынша – 90 орын;
– бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша – 30 орын (оқу мерзімі 5-6 жыл).
– докторантура бағдарламасы бойынша – 20 орын (барлық бағыттар бойынша)*

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат+магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған «Венгр тілі шет тілі ретінде» курсын өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (венгр тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны ала алмайды.

 

*Докторантура бағдарламасына үміткерлердің қабылдаушы университеттен ғылыми жетекшілері болуы керек. Онлайн-тіркелу кезінде қабылдаушы университеттен ғылыми жетекші/супервайзер қол қойған қабылдуды растайтын құжатты тіркеу қажет.

Гранттар мынадай шығындарды өтейді:

–  тегін оқу;
– бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін ай сайынғы стипендия – HUF 43.700; докторантура – HUF 140.000 (бірінші 4 семестр) және HUF 180.000 (екінші 4 семестр);
– жатақханада тұру (немесе айына 110 Еуро шамасында жалдамалы пәтердің ақысы);
– медициналық сақтандыру.

Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

2003 жылғы 31 тамыздан кейін туылған үміткерлерден өтініш қабылданбайды («Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа).

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2020 жылдың 20 желтоқсанынан 2021 жылдың 29 қаңтарына дейін:

– «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz)
– «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында кезекті брондау қолма-қол http://bolashak.gov.kz/

Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады:

– Үміткерлердің Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен онлайн режимде дербес сұхбаты;
– Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлердің балдары тең болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларғабала жасынан мүгедек және мүгедек балаларғакөп балалы отбасынан шыққан балаларға; шетелдік оқу орнынан шақыртуы бар үміткерлерге басымдық беріледі.

Аталған гранттар туралы ақпарат https://stipendiumhungaricum.hu/uploads/2020/11/BA_MA_OTM_Call_for_Applications_2021_2022.pdf вебсайтында ораналасқан.

  2020 жылғы 15 қаңтарға дейін  https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ венгр сайтында онлайн-тіркеу жүргізіледі.

2020 жылғы 25 ақпаннан бастап мамыр аралығындағы кезеңде түпкілікті іріктеуді қабылдаушы тарап жүргізеді.

Төмендегі сілтемеге өтіп, ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

 Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

Тәжірибе алмасу бағдарламасы 2021 жыл

CEE-Project-1140x684

“Community Engagement Exchange” бағдарламасы әлемнің 100-ден астам елінде 20-27 жас аралығындағы азаматтық қоғам көшбасшыларына қоғам игілігі үшін, әсіресе азаматтық диалог пен бейбітшілікті нығайтуға, ашық және есеп беретін Үкіметке, әйелдер рөліне және гендерлік теңдікке, бейімделу мен тұрақты даму қабілетін арттыруға, сондай-ақ жастарды қоғам өміріне тартуға байланысты мәселелерде қоғамдастықтардың, өзара қатынастардың және ақпараттың күшін пайдалануға мүмкіндік беретін көшбасшылық қасиеттерді дамытатын түрлендіруші жылдық бағдарлама болып табылады.

“Community Engagement Exchange” бағдарламасын АҚШ үкіметінің қаражаты есебінен АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландырады және бағдарламаны IREX ұйымы басқарады.2021 жылға арналған “Community Engagement Exchange” бағдарламасына қатысуға өтінімдер 2020 жылғы 16 қараша, дүйсенбі мен жұма аралығында қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін сайтта өтінім беру қажет  https://cee.irex.org/  2020 жылғы 23 желтоқсан, сәрсенбіге дейін, Алматы уақыты бойынша сағат 23: 59-да. 

Пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы IREX-ке жіберілген өтінімдер қабылданбайды. Төмендегі шарттармен танысқаннан кейін сұрақтарыңызды электрондық поштаңызға жолдауыңызды өтінеміз: Apply.CEE@irex.org.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

  • Көшбасшылық рөлдерді көбірек қабылдауға мүмкіндік беру;
  • Азаматтық қоғамның әлеуетін құру;
  • Қатысушылардың бірлескен көшбасшылық қабілетін нығайту;
  • Азаматтық қоғамның жаһандық экологиялық жүйесін әзірлеу.

БАҒДАРЛАМА ҚАМТИДЫ:

  • АҚШ-тағы Азаматтық қоғам ұйымдарының бірінде толық қаржыландырылған, үш айлық тәжірибе;
  • Қөшбасылық және қоғамдық өмірге араласу бойынша онлайн және күндізгі тренингтер ;
  • Қоғамдық жұмыстарға қатысуға үйрету;
  • Тәлімгерлік;
  • Стипендиаттардың даму мақсатындағы жобаларын қолдау.

ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ:

Үміткерлердің сіңірген еңбегі мен жетістіктері “Community Engagement Exchange”бағдарламасына қатысу үшін іріктеу кезінде ескерілетін болады. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 2020 жылғы 23 желтоқсаннан кейін іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін барлық өтінімдерді іріктеу комиссиясы қарайды және бағалайды. Ең көп балл жинаған үміткерлер жартылай финалға шақырылып, әңгімелесуден өтеді. Сондай-ақ, жартылай финалистер ағылшын тілінен емтихан тапсыруы немесе TOEFL немесе IELTS сынақтарынан өз нәтижелерін беруі керек. Финалистер мен балама үміткерлер ағылшын тіліндегі сұхбат пен емтихан нәтижелерін қарастырғаннан кейін таңдалады.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты веб-сайттан таба аласыз:  https://kz.usembassy.gov/ru/2021-community-engagement-exchange-program-ru/

Шетелде оқудың жаңа ережелері

Құрметті студенттер!!!

Сізден шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға жолдаманың жаңа ережелерімен танысуыңызды сұраймыз, толығырақ ақпарат алу үшін қоса берілген құжатқа өтіңіз.

Новые правила по АМ с изменениями 16 мая от 2020 года

Қазақстан Республикасының Стипендиялық бағдарламасы тоқтатылды

Әлемде және Қазақстанда орын алған коронавирус (COVID-19) пандемиясына байланысты, Қазақстан Республикасының Стипендиялық бағдарламасына шетел азаматтарынан, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларынан құжаттарды қабылдау 2020 жылы жүргізілмейді. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, бірақ студенттеріміздің денсаулығы мен амандығы – біздің басты міндетіміз.

Шетелдік Азаматтарға Арналған Стипендиялық Бағдарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдік жоғары оқу орындарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты азаматтарына арналған стипендиялық бағдарламаның басталғаны туралы хабарлайды. 2020 жылы бакалавриат бағдарламалары бойынша – 490, магистратурада – 50, докторантурада – 10 өтініш қарастырылады.

Өтінімдер 2020 жылғы 1 наурыздан 1 маусымға дейін қабылданады.  

Брошюра на каз-1Брошюра на каз-2

Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2020

2222

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 25 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және  магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 25

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы байқауына қатысу үшін үміткер қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет.

Міндетті құжаттар:

  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • «Қазақстанның білімі және ғылымы үшін не жасадым және не жасығым келеді? Сіз үшін маңыздысы не? Неліктен?» атты тақырыпта уәждемелік хат;
  • Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
  • Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
  • Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
  • Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
  • Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі).

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2020 ж. 20 ақпанға дейін*.
*Өтінімді қабылдау 2020 ж. 20 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.