ҚарМТУ-да “Қазақстан – үлкен мүмкіндіктер елі”атты ақпараттық- сессия өтті

DSC_6987

6 желтоқсанда ҚарМТУ мен Познань политехникалық университеті (Познань қ., Польша) арасында “Қазақстан -үлкен мүмкіндіктер елі”тақырыбында скайп инфо – сессия болып өтті. Познан политехникалық университетінің профессоры Томаш Пайхровски және э.ғ.д. Агата Брановска өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша ҚарМТУ-да болған есебін оқыды.

DSC_7015-min

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Познань политехникалық университетінде оқитын ҚарМТУ студенттерінің Қазақстан мәдениеті туралы презентациялар тыңдалды. Ақпараттық – сессия барысында қатысушылар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық бойынша жоспарлар мен ұсыныстарды талқылады.

ҚарМТУ-да көші-қон қызметкерлері шетелдік студенттермен сұхбат жүргізді

1

Профилактикалық әңгіме жүргізу мақсатында 2019 жылдың 29 қарашасында Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының қызметкерлері полиция департаментінің Көші-қон қызметі қызметкерлерімен бірге ҚарМТУ-да оқитын шетелдік студенттермен кездесу ұйымдастырды.

2222Кездесу барысында шетелдік студенттерге Қазақстан Республикасына келген кездегі құқықтар мен міндеттер, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелері түсіндірілді, студенттерге көші-қонды тіркеудің уақыты мен ережелері туралы түсіндірілді.

2

Ауғаныстаннан елшілік өкілдерінің ҚарМТУ-ға сапары

2019 жылы 17 қыркүйекте “Армандастар Ордасы” жатақханасының оқу аудиториясында Ауғанстанның шетелдік студенттерімен жиналыс өтті.   Жиналыс барысында ҚР-дағы Ауғанстан Ислам Республикасы елшілігінің үшінші кеңесшісі және ҚР-дағы Ауғанстан Ислам Республикасы елшілігінің аудармашысы Абдул Хамид студенттермен бірге ауған студенттерінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша мәселелерді талқылады, сондай-ақ оқу үрдісінде және шешу жолында туындайтын өзекті мәселелерге талдау жүргізді. Жиынға халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығы басшысының м. а. – Кожанбергенова Айгерим Солтанбекова және халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының маманы-Рахимбаева Сабина Ермекова қатысты. Кездесу барысында шетелдік студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға дұрыс және сауатты жауап алды.

WhatsApp Image 2019-09-18 at 10.49.41

WhatsApp Image 2019-10-10 at 09.34.25

 

Польшада ғылыми машықтану

2019 жылдың 3 маусымынан –  8 маусымына дейін ҚарМТУ студенттері Львов политехникалық ұлттық университетінің (Украина) студенттерімен бірге Познань политехникалық университетінде (Польша) ғылыми машықтанудан өтті.

333

Студенттер геодезия кафедрасында ғылыми тәжірибе алды, магистрлік диссертация проектісін сәтті қорғап, білімдерін нығайтты және азаматтық және экологиялық құрылыс факультетінде практикалық дағдыларды жетілдірді.

222 555

Қазақстандық студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Познань политехникалық университетінде оқуын сәтті аяқтады

img_7140-03-11-18-09-23

2018/2019 күзгі семестрінде Познань технологиялық университеті Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттер тобын қабылдады.Студенттер келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды: химиялық технология, азаматтық құрылыс, электротехника.

img_7142-03-11-18-09-23

img_4271

Сондай-ақ, студенттеріміз профессор Т.Есеновскиймен кездесті
Студенттермен кездесу кезінде профессор Т.Ессионовский Познань университетінде оқушыларды қайтадан көруге үміттеніп, болашақта біздің ынтымақтастығымызды жалғастыруға, жазғы мектептерде, PhD докторантурада және бірлескен ғылыми зерттеулерге қатысуға шақырды.

img_4264

https://www.put.poznan.pl/ru/node/2121

Студенттер қатысқан бойынша “Академиялық ұтқырлық” бағдарламасы табысты оралды елге

ҚарМТУ студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасының аяқталуымен құттықтаймыз!