Шетел азаматтарына арналған Қазақстан Республикасының стипендиялық бағдарламасы

Қазақстан Республикасының стипендиялық бағдарламасы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шетелдік азаматтардың қазақстандық жоғары оқу орындарына түсуге өтініштерін қабылдайды

Түсу үшін:

  1. www.enic-kazakhstan.kz  сайтындағы ақпаратты оқыңыз
  2. Қажетті құжаттарды ұсына отырып порталда тіркеліңіз
  3. Қазақстандық ЖОО мен білім беру бағдарламасын таңдаңыз
  4. Бейімделу әлеуетін анықтау үшін тестілеуден өтіңіз
  5. Онлайн сұхбаттасуға шақыруды күтіңіз
  6. Стипендиаттар тізімінде өзіңізді табыңыз.

Құжаттарды онлайн тапсыру мерзімі: 15 мамыр – 19 шілде 2019 жыл

Толық ақпарат брошюрадаа көрсетілген

Арғынбай Жамбыл Әбдінәбиұлы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті, Қарағанды, Қазақстан

Мен Арғынбай Жамбыл Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «электрэнергетикасы» мамандығының төртінші курс студентімін. Мен осы 2018-2019 оқу жылы, яғни жетінші семестрде Қытай Халық Республикасының астанасында орналасқан «Бейжиң технологиялық институтына» (Beijing Institute of Tehnology)  академиялық алмасу бағдарламасы аясында  білім алудамын.

1

Ең алғашқы келгенде кішкене үрей, қорқыныш болғаны рас. Себебі бұл менің алғашқы шекара асуым, әрі ата анамның қасынан бірінші рет алысқа ұзауым. Дегенмен, Бейжиң қаласының ауа райы, тұрмыс тіршілігі біздің елімізге ұқсас болғандықтан, сонымен қатар, біз әуежайдан келген мезетте бізді БИТ волонтерлері құшақ жая, жылы лебізбен қарсалып алғандықтан болар, біз тез-ақ сіңісіп кеттік. Бейжиң қаласы өте үлкен, әсем қала. Қаланың кез келген жеріне метро, автобус, тролейбус арқылы қатынауға болады.  Халық тығыз орналасқаны үшін электр қуатымен және газбен жүретін жаңа үлгідегі автокөліктер ғана қолданыста екен. Сондай ақ, вело жолдар арқылы велокөліктермен жүруге қолайлы жағдайлар жасалынған.

БИТ институты Қытай Халық Республикасындағы ең үздік он жоғарғы оқу орындарының бірі болып саналады. Бұл ЖОО өте үлкен, әрі инженер кадрлар даярлауда жетекші орынға ие институт. Қазіргі уақытта, Бейжинг технологиялық институтында: 3 500 оқытушы дәріс оқыса, 25 000 студент күндізгі оқу  түрінде, 14 000-нан астам студент бакалавр, 8000  магистрант,   3000  доктарант бар.  Және де, 700-ге жуық студент шекара асып мен сияқты, яғни академиялық алмасу бойынша  білім алуда.

Қытай дамушы мемлекет болғандықтан бұл жерде бәрі автоматты басқару жүйелері арқылы жұмыс  жасайды. Бұл жерден біздің елімізге қолданысқа енгізуге  болатын көптеген бағдарламалар көруге болады. Мысалы: Адамның қызметін ауыстырып тұрған робот техникаларын, бүкіл жұмыстарды бақылайтын компьютерлік бағдарламалар т.б. айтуға болады.

1111

Қазіргі уақытта адам баласы дамудың жоғарғы сатысына көтеріліп келеді. Қазіргі инновациялық үдеріс ғылым салаларының тоғысуы мен бірігуіне ғана емес, сонымен қатар еліміздегі тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да ықпал етуде. Еліміз жастардың біліміне, келешегіне түрлі бағдарламалар арқылы жарқын болашақ сыйлауда. Осы Қытай Халық Республикасына келіп бір семестр білім алудың өзі, келешекке биік мақсатпен қарауға үйретуде. Еліміздің болашағы – білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін бабаларымыз жырларында жырлап, даналарымыз даналық сөздерінде айтып кеткен. Сондықтан, Елдің экономикасын, экологиясын  жақсарту мақсатында жастар көптеген жұмыстар жасап, еліміз қарқынды дамуына ат салысуы керек.

«ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» БАЙҚАУЫ

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және ғылыми қызметкерлерге халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 грант бөлуге байқау жариялайды.

Бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне 10 грант және бакалавриаттың соңғы курс студенттеріне, магистранттар мен ғылыми қызметкерлеріне 7 грант қарастырылып отыр.

ЕГЕР СЕН:

    • Қазақстан Республикасының азаматы;
    • Қазақстандық университеттің студенті немесе ғылыми қызметкер;
    • Сіздің мамандығыңыз – табиғи ғылым немесе техникалық;
    • Сіз жетекші шетелдік университеттердің PhD докторантурасына түсуді армандайсыз;
    • Сізде осы саладағы зерттеу жобалары мен арнайы жетістіктері бар;
    • Сіз ғылыммен айналысқыныз келеді және оны дәлелдей аласыз;
    • Қазақстандағы ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге үлкен ықыласыңыз бар;

Сізде мүмкіндік бар: 2019 жылдың жазында (3 ай) грантқа ие болу және ғылыми тағылымдамадан өту.

Бұны орындау үшін, 05.11.2018 – 09.12.2018 ж. дейін қатысуға өтінімді толтырып, келесі құжаттар жинағымен бірге жіберіңіз:

      • Жеке куәлік көшірмесі;
      • Сынақ кітабшасының көшірмесі (барлық сессия);
      • транскрипттің көшірмесі (барлық семестрлер) және бакалавр дипломы (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін);
      • дипломдардың, сертификаттардың және ғылыми жұмыстар байқауларының көшірмесі;
      • «Менің тағылымдамам: ғылым саласында не істеудемін және не істеймін» тақырыбына эссе;
      • университет ғылыми жетекшісінің/проректорының/ректорының ұсынысы;
      • түйіндеме.

Өтініш пен құжаттардың толық пакеті Қордың электрондық поштасына жіберу қажет: info@yessenovfoundation.org

Байқау туралы толығырақ ақпарат келесі сайттан аласыз – http://yessenovfoundation.org/o-fonde/programmyi/nauka/nauchnyie-stazhirovki-v-laboratoriyah-mira/programma-nauchnyih-stazhirovok-v-laboratoriyah-mira-2019/

 

Құрметті студенттер!

Пекин политехникалық университеті біздің студенттерге, магистранттарға 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестіріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға орын бөлгендерін жариялаймыз.
Өтініш беру үшін Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына (241,бас ғимарат) келуіңізді сұраймыз.

Өтініштерді қабылдау мерзімі – 30 қараша.
Aғылшын тілін жаксы білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш бойынша міндетті көрсеткіш – GPA – 3.0 және жоғары, және мамандықтың максималды сәйкестігі.
Мамандықтар тізімі төменде берілген:

http://isc.bit.edu.cn/docs/2018-01/20180103052436562371.pdf

Құрметті студенттер!

Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) біздің студенттерге 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестіріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға  орын бөлгендерін жариялаймыз.
Өтініш беру үшін Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына (241,бас ғимарат) келуіңізді сұраймыз.

Өтініштерді қабылдау мерзімі – 25 қазан.
Орыс  тілін жаксы білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш бойынша міндетті көрсеткіш – GPA – 3.0 және жоғары, және мамандықтың максималды сәйкестігі.
Мамандықтар тізімі төменде берілген:

http://www.spbstu.ru/students/foreign-student/

Венгриялық 2017-2018 оқу жылға арналған шәкіртақы бағдарламасы

Vengr

2013 жылдың 19 қарашадағы  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі және Венгрия Республикасы адам қоры министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберінде Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2017-2018 оқу жылына «Stipendium Hungaricum» шәкіртақы бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынып отыр.

Continue reading Венгриялық 2017-2018 оқу жылға арналған шәкіртақы бағдарламасы

Үндістан Республикасының Астанадағы Елшілігінің хабарлайды

indi

Үндістан Республикасының Астанадағы Елшілігінің хабарлауынша, Үндістан Мәдени байланыстар жөніндегі Үнді кеңесінің (ICCR) Жалпы мәдени бағдарламасы (GSS) шеңберінде Үндістан университеттерінде/білім беру институттарында 2017-2018 оқу жылдары Қазақстан студенттеріне оқып білім алуға стипендиялар бөлуде.

Continue reading Үндістан Республикасының Астанадағы Елшілігінің хабарлайды

Sur-Place жергілікті стипендиясы

Конрад Аденауэр атындағы қоры мерзімі 5 айға берілетін Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды

Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндізгі оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге сипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.

Конкурстық іріктеуде, басымдылық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультеттерінің студенттеріне беріледі: саясаттану, экономика және қаржы, менеджмент, құқық, қазіргі заман тарихы, журналистика, философия, дінтану, т.б. Continue reading Sur-Place жергілікті стипендиясы

РФ Федералдық бюджеттен қаржыландырылатын Брянск мемлекеттік аграрлық университетінің бюджеттік орындар туралы ақпарат

Дайындау бағыты (мамандық) Бюджеттікорындар
1 Зоотехния  8
2 Агрономия  10
3 Жануарлардан алынатын азық-түлік өнімдері  5
4 Агрохимия және  агропочвоведение  10
5 Ветеринария  10
Жер үсті көліктік-технологиялық кешендер  3
6 Агроинженерия  5
7 Электроэнергетика және  электротехника  5
8 Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру 5
9 а/ш өнім өндіру жəне өңдеу технологиясы  10
10 Природообустройство және  водопользование  5
11 Техносферлық қауіпсіздігі  5
Жиыны: 81

Брянск мемлекеттік аграрлық университетінде бюджеттік орындарға Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеу жұмыстарын АҚ “Халықаралық бағдарламалар Орталығы” ұйымдастырады мекен-жайы:  010000, Астана қу, Орынбор көшесі, 4 үй, Бизнес центр «Алтын Орда», тел. (717-2) 76-90-81,   76-91-02, 76-91-06.

Визалық қолдау

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі № 8407 10 сәуір 2013 жылғы Ережесіне «Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын» сәйкес, шет ел азаматтарының ҚР аумағына кіруін, ҚР аумағынан шығуын және ҚР аумағында болуын қамтамасыз ету барысында Халықаралық байланыстар бөлімінінің инспекторымен визалық қолдау жүргізіледі. Осыған орай шетелдік азамат төлқұжатының көшірмесін, тұрғылылықты тұру мекен-жайы туралы ақпаратты, және де ҚР болатын мерзімдері туралы хабарлауға жауапты.

Нақты шығыстардың орнын толтыру үшін төлемақысын (бір, екі-, үш- және көп мәртелік визалар үшін – 01.01.2016 жылдан бастап. – 6363 теңге) және консулдық жиынды (бір мәртелік визалық қолдау үшін – 424 тенге, екі-, үш- және көп мәртелік визалық қолдау үшін- 1061 тенге) шетел

ҚР визаларына өтініш беру туралы толық ақпаратты сайттан алуға болады:

http://www.mfa.kz/kz/content-view/pravila-polucheniya-viz-rk