2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту үшін ресейлік жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау ашылды

 Құрметті студенттер!

Без названия (1) Без названия нгасу ТПУ_логотип_rgb-04 Без названия

Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей), Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Ресей), Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Новосибирск қ., Ресей), Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей), Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Томск қ., Ресей), 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту үшін құжаттар қабылдауды ашқанын хабарлаймыз.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 27 қазаны.

 Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. оқу жұмыс жоспары (картаға оқуға жоспарланған пәндер, көктемгі семестр);
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. урет 3*4 – 2 дана;
  5. мектеп аттестатының көшірмесі;
  6. файлдар – 3 дана;
  7. транскрипт

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

– GPA – 3.0 және одан жоғары.
– Орыс тілін білу.
– Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

Санкт-Петербург политехникалық университеті https://www.spbstu.ru/abit/bachelor/apply/perechen-napravleniy-podgotovki/

 Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті:  https://moeobrazovanie.ru/ugntu/?specs

Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті:  http://www.sibstrin.ru/facult/

Томск политехникалық университеті:https://abiturient.tpu.ru/

Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті: https://www.tsuab.ru/overview/student/