2020-2021 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға құжаттарды қабылдау ашық

unnamed

 Құрметті студенттер!

Еуропалық университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2020-2021 оқу жылының күзгі семестрінде Европа университеттерінде оқу үшін конкурс  басталғаны туралы хабарлаймыз.

Конкурсқа катысу үшін 10 ақпанға дейін  құжаттар тізімін Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына (бас ғимарат, 241 кабинетке) тапсыру керек

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі;

2) жоғары оқу орнының мөрімен куәландырылған ағымдағы оқұ үлгерімі;

3) IELTS сертификаты, сертификат болмаған жағдайда шет тілін білу үшін тексеріледі;

4) өтініш берушінің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің, егер ол Қазақстан Республикасынан кету кезінде 18 жасқа толмаған болса, оның шетелге шығуға жазбаша келісімі;

5) отбасы құрамы жөнінде құжат (студенттің көп балалы отбасынан екенин  растайтын);

6) оқушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына);

7) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.