2015-2016 оқу жылына Беларусь тарапы қазақстандық азаматтарға Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу мақсатында 6 мемлекеттік гранттар бөлді

2015-2016 оқу жылына   Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде Беларусь тарапы қазақстандық азаматтарға Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу мақсатында 6 мемлекеттік гранттар бөлді (бакалавр – 3, магистратура – 2, докторантура – 1).

Үміткерлерді таңдаудағы қойылатын талаптар:

  1. Білім беру құжаттырының орта бағасы 4,5 (GPA 4 тен 3,67) кем емес

 Академиялық мерзімнің аяқталу ағымындағы (білім алушының) оқу үлгерімі 90%-дан кем емес

Үміткерлер білім алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- шетелге білім алуға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен толтырылған сауалнамалары (қосымшада берілген);

- нотариуспен куәландырылған жалпы орта білім туралы құжаттар көшірмесі;

- паспорттың көшірмесі;

- туу туралы куәлік;

- 4 фото 3х4;

- 086 нысаны бойынша суреті мен мөрі бар медициналық анықтама;

- ЖҚТБ және АҚТҚ жұқпа ауруларының болмауы туралы медициналық сертификат;

Құжаттар файл папкаларына салынуы қажет. Папканың сыртында келесі ақпарат жазылуы қажет: аты-жөні, үй мекен-жайы, телефон, білім беруұйымының атауы, мамандығы.

Құжаттар толық жинақта (1 түпнұсқа, 1 көшірме) мына мекен-жайға ұсынылу қажет: Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8; рұксаттама бюросы 15 каб. 10:00 бастап 12:00 дейін  және 15:00 бастап 17:00 дейін.

Тел.: + 7 (7172)  74-23-90. 

Құжаттарды қабылдау 2015 жылдың 20 мамырда   аяқталады.

Қосымша жүктеу