«ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» БАЙҚАУЫ

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және ғылыми қызметкерлерге халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 грант бөлуге байқау жариялайды.

Бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне 10 грант және бакалавриаттың соңғы курс студенттеріне, магистранттар мен ғылыми қызметкерлеріне 7 грант қарастырылып отыр.

ЕГЕР СЕН:

    • Қазақстан Республикасының азаматы;
    • Қазақстандық университеттің студенті немесе ғылыми қызметкер;
    • Сіздің мамандығыңыз – табиғи ғылым немесе техникалық;
    • Сіз жетекші шетелдік университеттердің PhD докторантурасына түсуді армандайсыз;
    • Сізде осы саладағы зерттеу жобалары мен арнайы жетістіктері бар;
    • Сіз ғылыммен айналысқыныз келеді және оны дәлелдей аласыз;
    • Қазақстандағы ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге үлкен ықыласыңыз бар;

Сізде мүмкіндік бар: 2019 жылдың жазында (3 ай) грантқа ие болу және ғылыми тағылымдамадан өту.

Бұны орындау үшін, 05.11.2018 – 09.12.2018 ж. дейін қатысуға өтінімді толтырып, келесі құжаттар жинағымен бірге жіберіңіз:

      • Жеке куәлік көшірмесі;
      • Сынақ кітабшасының көшірмесі (барлық сессия);
      • транскрипттің көшірмесі (барлық семестрлер) және бакалавр дипломы (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін);
      • дипломдардың, сертификаттардың және ғылыми жұмыстар байқауларының көшірмесі;
      • «Менің тағылымдамам: ғылым саласында не істеудемін және не істеймін» тақырыбына эссе;
      • университет ғылыми жетекшісінің/проректорының/ректорының ұсынысы;
      • түйіндеме.

Өтініш пен құжаттардың толық пакеті Қордың электрондық поштасына жіберу қажет: info@yessenovfoundation.org

Байқау туралы толығырақ ақпарат келесі сайттан аласыз – http://yessenovfoundation.org/o-fonde/programmyi/nauka/nauchnyie-stazhirovki-v-laboratoriyah-mira/programma-nauchnyih-stazhirovok-v-laboratoriyah-mira-2019/