Үндістан Республикасының Астанадағы Елшілігінің хабарлайды

indi

Үндістан Республикасының Астанадағы Елшілігінің хабарлауынша, Үндістан Мәдени байланыстар жөніндегі Үнді кеңесінің (ICCR) Жалпы мәдени бағдарламасы (GSS) шеңберінде Үндістан университеттерінде/білім беру институттарында 2017-2018 оқу жылдары Қазақстан студенттеріне оқып білім алуға стипендиялар бөлуде.

Бағдарлама шеңберінде өнер, жаратылыстану ғылымдары бойынша бакалавр және магистратура, докторантуралық/постодокторантуралық зерттеулер, әлеуметтік ғылымдар, көркем өнер орындау түрлері және гуманитарлық ғылымдарына оқып білім алуға стипендиялар бөлінеді. Толық ақпаратты hhtp://iccr.gov.in/content/general-scholarships-gcssсайтынан алуға болады.

Сонымен қатар,  үміткерлер Үндістанда жоғары білім алу үшін ағылшын тілін жеткілікті білуі қажет. Философия магистрі/докторантуралық/постодокторантуралық зерттеулер, көркем өнердің орындаушылық түрлері немесе сәулет мамандығына құжат тапсыратын үміткерлер ғылыми тақырыптарының таңдалған саласы бойынша түйіндеме жазу қажет.

Осыған байланысты, үнді тарапы аталған стипендияларға үміткерлер өтінімді толтырып, барлық қосымшаларымен (PDF құжат түрінде) эл. пошта арқылы diriccastana94@yahoo.com мекенжайға жіберуі тиіс. Бұған қоса, толтырылған өтінімнің алты қағаз көшірмесі 6 фотосуретпен және барлық қосымшаларымен бірге 2017 ж. 15 қаңтарға дейін Үнді мәдени орталығының Директорының атына келесі мекенжай бойынша жолдау туралы өтініш білдірді: Астана қ., Есіл ауданы, Қараөткел-2 ықшам ауданы, Жылыой көшесі 2-үй, пошталық индекс – Z05F7E1 (Тел. +7 7172 44-98-84. Эл.пошта: diriccastana94@yahoo.com).