ҚарМТУ студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Еуропа жоғары оқу орындарында білім алды

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. Біздің студенттер Германия, Польша, Қытай, Литва, Ресей елдеріне алмасу бойынша оқуға барады.

2019 – 2020 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ҚарМТУ-дың 50-ден астам студенті серіктес университеттерде оқыды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге бір семестр бойы шетелде оқып, бүкіл әлем студенттерімен қарым-қатынас жасаудың ұмытылмас тәжірибесін берді. Шетелдік университетте оқу тәжірибесі студенттерге тәуелсіздік, ұстамдылық, сенімділік тәжірибесін дамытуға көмектесті. Жігіттер біздің мемлекетке, университетке, кафедраға және халықаралық бөлімге бір оқу семестрінде шетелдік университеттерде оқуға мүмкіндік бергені үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.