Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Сібір мемлекеттік коммуникация университетімен бірлескен жұмысы білім беру сапасын жақсартудың бірі болып табылады

10.10.2018 – 09.11.2018ж. аралығында ҚарМТУ көлік-жол факультетінде КТжТ кафедрасының шақыруы бойынша Новосибирск (Ресей) қаласынан келген э.ғ.д., профессор Быкадоров Сергей Александрович «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Логистика» (Көлік) мамандықтарының студенттері мен магистранттары үшін дәріс, практикалық сабақтар және консультациялар өткізді.

22

Сабақтар бакалавриат студенттері үшін «Көліктік логистика және экспедиторлық қызмет негіздері», «Логистика негіздері», «Көліктік логистика», сондай-ақ магистранттар үшін «ТТ логистикасын дамыту үрдісі» пәні бойынша өткізілді.

33

Сондай-ақ, профессор Быкадоров С.А. КТжТ кафедрасының ғылыми семинарында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына Ресейдің көліктік-логистикалық жүйелері туралы айтты, сабақ өткізудің әр түрлі әдістерімен және тәжірибесімен бөлісті.

44

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының профессор С.А.Быкадоровпен кездесуі жемісті болды, логистикамен қатар педагогиканың да маңызды мәселелері қарастырылды. Семинардың негізгі қорытындысы Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының ғылыми үйірмелерінің Қазақстан үкіметінің білім беру жүйесінде қойған міндеттерін орындау мақсатында өзара арақатынасын нығайту болды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы профессор С.К.Быкадоровқа біздің университетпен ғылыми ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.