ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АРАСЫНДАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (36 ОРЫН), СОНДАЙ-АҚ ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АРАСЫНДАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (36 ОРЫН), СОНДАЙ-АҚ ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҮКІМЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (21 АДАМ) ШЕҢБЕРІНДЕ ҚХР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БАКАЛАВРИАТ, МАГИСТРАТУРА, ДОКТОРАНТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:

1) шет тілін білу деңгейі, HSK сертификаты, болған жағдайда;

2) білім туралы құжаттың орташа балы;

3) білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі;

4) мамандығының жоғары білім дипломының мамандығына сәйкестігі (магистратура, докторантура үшін) болып табылады.

ҚХР-да оқу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);

2) Қытай Үкіметінің стипендиясына тапсырыс (1-қосымшада көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес қытай немесе ағылшын тілінде онлайн анкета толтырып, өз “Agency Number is 3981” нөмірін мұқият тексеру қажет, дұрыс толтырылмаған тапсырыстар қытай жоғары оқу орындарымен қабылданбайды);

3) шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының 2-қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы;

4) ұлттық паспортының көшірмесі (салыстыру үшін төлқұжаттарды ұсынбаған жағдайда нотариалды расталған);

5) нотариалды расталған және ағылшын тіліне аударылған үш данада қосымшасымен бірге соңғы білім туралы құжаттың көшірмесі;

мектеп түлектері үшін – 9 сынып бойынша нотариалды расталған қосымшасымен аттестат көшірмесі, 10 және 11 сыныптардағы оқу үлгерімдері туралы табельдерінің мектеп мөрімен расталған көшірмелері, түлек мәртебесі туралы анықтама, барлық аталған құжаттардың 3 данада нотарилды расталған ағылшын тіліндегі аудармалары;

  • студенттер үшін – қосымшасымен бірге дипломның немесе аттестаттың 3 көшірмесі және олардың ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармалары және оқу бөлімімен және нотариалды расталған сынақ кітапшасының (немесе транскрипттің), түлек мәртебесі туралы анықтаманың 3 көшірмесі;

6) шет тілі білімін растайтын сертификат (HSK), болған жағдайда;

7) суреті және мөр басылған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі (міндетті түрде 3-қосымшаға сәйкес қытай тарапы ұсынған нысан бойынша). Толық емес немесе емдеуші дәрігердің қолы, аурухананың ресми мөрі қойылмаған немесе өтініш берушінің суреті жоқ жазбалар жарамсыз болып табылады;

8) бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;

9) докторантура мен тағылымдамаға үміткерлер қытай немесе ағылшын тілдерінде профессорлар немесе доценттердің екі ұсыным хатын ұсынуы тиіс;

10) музыкалық білім алуға үміткерлер жеке шығармашылығынан CD ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, бейнелеу өнері мамандығына үміткерлер 2 эскиз, 2 түрлі түсті сурет және 2 басқа жұмыстарының CD-ін ұсынуы тиіс;

11) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

12) бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

13) барлық үміткерлер ағылшын немесе қытай тілдерінде нотариалды оқу жоспарын тапсырады (бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерден кем дегенде 200 сөз, тағылымдамаға кем дегенде 500 сөз, магистратура мен докторантураға кем дегенде 800 сөз);

14) 18 жасқа дейінгі үміткерлер Қытайдағы заңды қамқоршыларының құқықтық құжаттарын ұсынуы тиіс;

15) Қытайлық университеттің шақыру хаты, болған жағдайда.

Толық ақпаратты, оның ішінде жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін http://www.csс.edu.cn/laihua сайтынан табуға болады.

Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы көрсетілуі тиіс.

Құжаттар файлдық мұқабада 3 данадан (1 түпнұсқа, 2 көшірме) болуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ, Орынбор көшесі, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс, (рұқсаттама бюросы).

Құжаттарды қабылдауды ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін (13.00-14.30 түскі үзіліс) жүргізеді, телефон +7(7172) 742447.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2016 жылғы 1 наурыз.

Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

Instructions of the CSC Online Application System for International Students: http://www.edu.gov.kz/sites/default/files/prilozhenie_1_kaz_rus.pdf

Foreigner physical examination form: http://www.edu.gov.kz/sites/default/files/prilozhenie_3_kaz_rus.pdf