Сіздерге студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне Острава техникалық университетінде оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз

Құрметті студенттер!

otu

Сіздерге студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне Острава техникалық университетінде (Чехия) оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз. Оқыту тегін. Барлық басқа шығындар (көлік шығындары, виза, сақтандыру, жатақханада тұру) студенттің өз қаражаты есебінен өтеледі.

Құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін 31.03.2021 ж. дейін 241 кабинетке (бас корпусқа) өтініш білдіруді сұраймыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. транскрипт;
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. скоросшиватель;
  5. сурет 3*4 – 3 дана;
  6. мектеп аттестатының көшірмесі;
  7. файлдар – 2 дана

Ағылшын тілін B1/B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

vsb.cz/en/study/exchange-students/exchange-courses

https://www.vsb.cz/en/study/exchange-students/exchange-programme/courses/