Сегод университетінде француз тілінде «Еуропалық зерттеулер» тақырыбында магистрлік дайындық өткізіледі

Қазақстан Республикасындағы Мажарстан Елшілігінің ақпарытана сәйкес, Мажарыстандағы Сегед университетінің мемлекеттік және құқық факультеті жанында ашылған «Француз тіліндегі университеттік орталық» французша «Еуропалық зерттеулер» тақырыбында магистрлік дайындық өткізеді.

         Сегед университеті француздық Лилль саясаттану институтымен ынтымақтаса келе, Бельгияның Левин Католіктік университетінің оқытушыларын тарта отырып жыл сайын магистрлер дайындауды жариялайды. Осы дайындық барысында студенттерге Лилль қ. бір семестр оқу өткізуге мүмкіншіліктері болады.

         Екі жылдық француз тіліндегі магистрлік дайындықты бітіргеннен кейін, студенттер Сегед университетінің және Лилль политология институтының дипломдарын алатын болады. Қабылдаудың негізгі шарты – француз тілін жоғары және ағылшын тілін жақсы деңгейде білу, сонымен қатар бакалавр деңгейінің жақсы (180 ECTS) болуы.

         Білім алу өзін-өзі қаржыландыру негізі бойынша жүзеге асырылады, алайда қалаушылардың грант алу мүмкіндіктері де бар.

         Толық ақпаратты келесі сайттан табуға болады: http://www2.u-szeged.hu/cuf/specialite-en-etudes-europeennes