Магистратура және докторантура Оңтүстік Кореяда

Оңтүстік Кореяның Daegu Gyeongbuk ғылым және технологиялар институты магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға қабылдауды жариялады

Оқу ағылшын тілінде өтеді.

Корей тарапы студенттерді стипендиямен және жатақханамен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, корей тілін игеру бойынша тегін курстар ұсынылады.

Үміткерлерді тіркеу 2015 жылғы 23 сәуірден 7 мамырға дейін жүзеге асырылады.

Оқу келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

  • Материалтану;
  • Ақпараттық және коммуникациялық инженерия;
  • Робототехника;
  • Ми туралы ғылым;
  • Жаңа биология.

Бұл ретте, құжаттарды қабылдауды Министрлік жүргізбейтінін ескертеміз.

Соңғы шешімді корей тарапы қабылдайды.

Толық ақпаратты www.admission.dgist.ac.kr сайтынан, сондай-ақ admission@dgist.ac.kr поштасы мен +82-59-785-5146 телефоны бойынша алуға болады, сонымен қатар, http://edu.gov.kz/kk/ontustik-koreyanyn-daegu-gyeongbuk-gylym-zhne-tehnologiyalar-instituty-magistratura-zhne сайтынан көрулеріңізге болады.