Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында консультациялық қызметтер көрсету үшін келесідей сарапшыларға конкурс жариялайды:
- Институционалды даму жоспарларын бағалауды өткізу үшін халықаралық тәжірибесі бар сарапшы
Ең төмен біліктілік талаптары:
- жоғары білім, мониторинг және бағалау бойынша кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
– мониторинг және бағалауды өткізу, ұсыныстарды әзірлеу және қолдану саласында халықаралық тәжірибесінің болуы;
– орталық және/немесе аймақтық, әсіресе ТМД мемлекеттеріндегі, мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесінің болуы басымдылық етеді;
– Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын жобаларда жұмыс тәжірибесінің болуы басымдылық етеді.
Тіл біліміне қойылатын талаптар:
- ағылшын тілін білу;
– орыс тілін білу басымдылық етеді.
Болжалған жұмыс мерзімі: 7 ай.
- Техникалық және кәсіптік білім беруде жан басына нормативті қаржыландыру бойынша сарапшы
Біліктілік талаптары:
Негізгі талаптар
- жоғары білім;
- аналитикалық қабілеттер;
- коммуникативті (ауызша және жазбаша) қабілеттер.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
- білім саласындағы ұсыныстарды әдістемелерді және нормативті құжаттарды әзірлеу және қолдану бойынша тәжірибенің болуы;
- ТжКБ-де жан басына нормативті қаржыландыру әдістемесін әзірлеу саласында тәжірибенің болуы;
- орталық және/немесе аймақтық мемлекеттік органдармен жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын жобаларда жұмыс тәжірибесінің болуы басымдылық етеді.
Тіл біліміне қойылатын талаптар: ағылшын тілін білу басымдылық етеді.
Қызығушылық танытқан кісілерге gup.tipo@mail.ru және ospan1605@mail.ru электронды пошталарына өз түйіндемелерін 2015 жылғы 13 мамыр сағат 18.00-ге дейін жіберулеріне немесе Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25, 16/1 кеңсеге Оспанова Ляззаттың атына жолдауларына болады.
Анықтама ақпараттары: +77172-550-565.