Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде Европа және АҚШ университеттерінде оқу үшін конкурс басталғаны туралы хабарлаймыз

Құрметті студенттер!

12

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде Европа және АҚШ университеттерінде оқу үшін конкурс  басталғаны туралы хабарлаймыз.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезіндегі міндетті шарт:

- 2 курстан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын бакалавриат студенттері;
- Ағылшын тілін B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар келесі сайтта 2022 жылғы 15 сауірге дейін қабылданады: https://egov.kz/cms/ru (Білім – жоғары білім – Қызметтер – академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау)

Барлық сұрақтарды Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығына (бас ғимарат, 241 кабинетке) келіп қоя аласыздар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі

2) жоғары оқу орнының мөрімен куәландырылған ағымдағы оқұ үлгерімі

3) IELTS сертификаты, сертификат болмаған жағдайда ағылшын тілі деңгейі тексеріледі.

4) ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін)

5) отбасы құрамы жөнінде құжат (студенттің көп балалы отбасынан екенин  растайтын)

6) студенттің мүгедектігін растайтын құжат

7) уәждемелік хат

8) ұсыныс хат (кафедра меңгерушісі, факультет деканы меңгерушінің қолымен)

9) Бар болған жағдайда: мамандануы бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың расталған көшірмелері.